---
title: "Шымкентте 147 мыңнан астам оқушы мектепке барады"
description: "Биыл бірінші қыркүйекте Шымкент қаласындағы 126 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, онда 147 мыңнан ас..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-31T23:35:48+00:00"
modified: "2015-08-31T23:35:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-147-my-nan-astam-o-ushy-mektepke-barady-535368"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-147-my-nan-astam-o-ushy-mektepke-barady-535368/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкентте 147 мыңнан астам оқушы мектепке барады

> Биыл бірінші қыркүйекте Шымкент қаласындағы 126 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, онда 147 мыңнан ас...

Биыл бірінші қыркүйекте Шымкент қаласындағы 126 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, онда 147 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

![Шымкентте 147 мыңнан астам оқушы мектепке барады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/0q8T4AYHHAflx95BjIi8yPOLTh2xFL.jpg)

Облыс әкімдігі таратқан мәліметтер бойынша, биылғы оқу жылының дайындығын қаланың жуырда ғана тағайындалған жаңа әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатаң бақылауда ұстап отыр.

Білім саласына қатысты мәселелер жуырда ғана өткен Шымкент қаласы әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде де қаралған. Онда толассыз тексерулердің мектептегі берілетін білімнің сапасына кедергі келтіріп отырғандығы айтылған. Шаһар басшысы бұл мәселенің оңтайлы шешімін табуына жеке өзі ұйтқы болмақ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-147-my-nan-astam-o-ushy-mektepke-barady-535368](https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-147-my-nan-astam-o-ushy-mektepke-barady-535368)