---
title: "Шымкент тұрғындары лаңкестікті насихаттады деген..."
description: "6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкенттің екі тұрғынын ұстады. Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде. Тергеу материалдары бойынша ертеректе ұсталғандардың біреуі..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-06T07:38:33+00:00"
modified: "2024-03-06T07:38:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkent-t-r-yndary-la-kestikti-nasihattady-degen-k-dikpen-staldy-1001953"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkent-t-r-yndary-la-kestikti-nasihattady-degen-k-dikpen-staldy-1001953/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкент тұрғындары лаңкестікті насихаттады деген...

> 6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкенттің екі тұрғынын ұстады. Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде. Тергеу материалдары бойынша ертеректе ұсталғандардың біреуі...

6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкенттің екі тұрғынын ұстады.

![Шымкент тұрғындары лаңкестікті насихаттады деген...](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/b87a19ab5c22d010c56d9ba4f82bd5.jpg)

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде. Тергеу материалдары бойынша ертеректе ұсталғандардың біреуі алыс шет елдерге шығып, шамамен сол жерде радикалды діни идеологияны қабылдаған. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді. ҰҚК баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkent-t-r-yndary-la-kestikti-nasihattady-degen-k-dikpen-staldy-1001953](https://yvision.kz/kk/post/shymkent-t-r-yndary-la-kestikti-nasihattady-degen-k-dikpen-staldy-1001953)