---
title: "Шымкент: инвестициялар, өнеркәсіп және қала дамуының жаңа кезеңі"
description: "Шымкентте инвестициялар 31%-ға артты, жаңа индустриялық аймақтар ашылды, инфрақұрылым жаңартылды. Президенттің нақты тапсырмалары."
author: "akorda"
published: "2025-08-20T00:41:40+00:00"
modified: "2025-08-20T00:41:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkent-kalasyndagy-ekonomikalyk-damu-zhane-infrakurylym-zhanartulary-1016508"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkent-kalasyndagy-ekonomikalyk-damu-zhane-infrakurylym-zhanartulary-1016508/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкент: инвестициялар, өнеркәсіп және қала дамуының жаңа кезеңі

> Шымкентте инвестициялар 31%-ға артты, жаңа индустриялық аймақтар ашылды, инфрақұрылым жаңартылды. Президенттің нақты тапсырмалары.

**➤ Ғабит Сыздықбеков:**

➡️ жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 31 пайызға ұлғайып, 360 миллиард теңгені құрағанын жеткізді.

🟦 Биыл өнеркәсіп саласында жалпы құны 680 миллиард теңге болатын өнім өндірілген.

🟦 Құрылыс қарқын алып, 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.

➡️ Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру үшін «Жұлдыз» және «Бозарық» жаңа индустриялық аймақтары іске қосылғанын айтты.

🟦 Шаһарда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 139 мыңнан асты. Аталған секторда 245 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

➡️ Шымкент қаласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жайында баяндады.

🟦 Жаңаәуежай терминалы салынып, теміржол вокзалы реконструкциядан өтті.

🟦 «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 12 мектеп және Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Шағын футбол орталығы мен спорт кешені бой көтерді.

➡️ жол-көлік инфрақұрылымының дамуы жөнінде айтты.

🟦 Оңтүстік айналма жолы және 2 ірі жолайрық пайдалануға берілді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін былтыр – 2 270, биыл 2 743 көше жарықтандырылды.

🟦 Президент тапсырмасына сай, активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

🟦 Атап айтқанда, Мұз сарайы, Орталық су спорты кешені, №2 қалалық емхана, «Қияләлемі» технопаркі мен «Кең баба» саябағы мемлекет меншігіне өткен.

**➤ Президент:**

📌 қала экономикасын оданәрі әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту, әуежайға жаңа ұшу-қону жолағын төсеу, мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу, қала тұрғындарын баспанамен қамту, сондай-ақ жол инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkent-kalasyndagy-ekonomikalyk-damu-zhane-infrakurylym-zhanartulary-1016508](https://yvision.kz/kk/post/shymkent-kalasyndagy-ekonomikalyk-damu-zhane-infrakurylym-zhanartulary-1016508)