---
title: "Шымкент көшелерінде — үштілділік."
description: "Шымкент көшелері мен даңғылдарының атауларымен қоса тақталар мен мен сілтемелер үш тілде - қазақ, ор..."
author: "shymcity"
published: "2016-12-21T08:57:17+00:00"
modified: "2016-12-21T08:57:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkent-k-shelerinde-shtildilik-739955"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkent-k-shelerinde-shtildilik-739955/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкент көшелерінде — үштілділік.

> Шымкент көшелері мен даңғылдарының атауларымен қоса тақталар мен мен сілтемелер үш тілде - қазақ, ор...

Шымкент көшелері мен даңғылдарының атауларымен қоса тақталар мен мен сілтемелер үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылатын болады. Алғашқы үштілді көрсеткіштерді қаланың орталық көшелерінен қазір де кездестіруге болады. Аталған қала, яғни Шымкент Қазақстандағы көлемі жағынан үшінші мегаполис болғандықтан жыл сайын көрейе түсуде. Сондықтан осындай қадам қала тұрғындары мен қонақтарына бағытын жеңіл анықтауға мүмкіндік береді.

«Қала бюджетінен осы мақсатқа жалпы 64 миллион теңге қаржы бөлінді. Тақталар тұрғын үйлерге де, жол көрсеткіштеріне де орнатылатын болады», - деп хабарлайды Шымкент әкімшілігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова.

Қазіргі уақытта тұрғын үйлерге 22 мынға тарта тақталар ілінді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkent-k-shelerinde-shtildilik-739955](https://yvision.kz/kk/post/shymkent-k-shelerinde-shtildilik-739955)