---
title: "Шымкент қаласында ІІІ блогқұрылтай өтті"
description: "23-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында қазақ тілді блогерлердің блогқұрылтайы өтті. Бұл шараның..."
author: "kaztube1"
published: "2013-03-29T21:07:00+00:00"
modified: "2013-03-29T21:07:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkent-alasynda-iii-blog-ryltay-tti-342306"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkent-alasynda-iii-blog-ryltay-tti-342306/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкент қаласында ІІІ блогқұрылтай өтті

> 23-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында қазақ тілді блогерлердің блогқұрылтайы өтті. Бұл шараның...

**23-25 наурыз** аралығында Шымкент қаласында қазақ тілді блогерлердің блогқұрылтайы өтті. Бұл шараның ұйымдастырушысы - блогерлердің өздері, Оңтүстік өңірдегі блогерлер.

![Шымкент қаласында ІІІ блогқұрылтай өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/noMtvd1rNfDlQoXjo7uJQVC1W0GgVp.jpg)

23 наурыз күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ресми шара өтті. Ол жиынның ашылуына облыс әкімі арнайы келіп, блогерлер жолдаған сауалдарға жауап берді.

![Шымкент қаласында ІІІ блогқұрылтай өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/96qCE795jtHMEg0Lrlhfs0a4RRsUk2.jpg)

ОҚО баспасөз хатшысы Берік Уәли іс-шараның тиянақты әрі жоғары деңгейде өтуін қадағалап, бас-көз боп жүрді.

![Шымкент қаласында ІІІ блогқұрылтай өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/OAsZm59VB2JNP997x4YWzEY2z9hQ24.jpg)

Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов осымен үшінші жыл блогқұрылтайға жібермей қатысып келеді. Жастардың ортасында жүретін ағамызға блогерлер риза болды.

![Шымкент қаласында ІІІ блогқұрылтай өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/IpFaaQ00POzZ8SU1R9DG1aB4ND9xk0.jpg)

Блогқұрылтайда блогтың сүйегін мұжып, майын ішкен ардагер блогерлер бар білгенімен бөлісіп, жас блогерлерге түрлі кеңес берді.

![Шымкент қаласында ІІІ блогқұрылтай өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/y6U4S5DeyadyxA8wvaMamR4Cn5Sh38.jpg)

Жаңа жобалар қорғалды.

![Шымкент қаласында ІІІ блогқұрылтай өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/wWugaJFFu4k4rm3L8wJxOTdSD5YJqe.jpg)

Бұл блогқұрылтай кезекті рет өте жоғары деңгейде өтті.

Ресми жиынның бейресми жалғасы Біркөлік тауындағы Бәйшешек лагерінде жалғасын тапты.

![Шымкент қаласында ІІІ блогқұрылтай өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/vAqN2WV8r3kfb2W15RVCq70o0KzPK2.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkent-alasynda-iii-blog-ryltay-tti-342306](https://yvision.kz/kk/post/shymkent-alasynda-iii-blog-ryltay-tti-342306)