---
title: "Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында дөңгелек үстел өтті"
description: "2015 жылдың 17 маусым күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және с..."
author: "finpolukopress"
published: "2015-10-19T03:48:40+00:00"
modified: "2015-10-19T03:48:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkent-alasy-l-farabi-audany-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-bas-armasynda-d-gelek-stel-tti-591875"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkent-alasy-l-farabi-audany-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-bas-armasynda-d-gelek-stel-tti-591875/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында дөңгелек үстел өтті

> 2015 жылдың 17 маусым күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және с...

2015 жылдың 17 маусым күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті және ҚР ұлттық экономика Министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында заң бұзушылықтарға жол бермеу және қолданыстағы заңдардың талаптарын тәжірибеже дұрыс қолдану мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокуратурасының қызметкерлері, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті ОҚО бойынша басқармасының Әл-Фараби ауданы бойынша прокуратура қызметкерлері және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің консультанттары қатысты.

Іс-шарада Қазахстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңдарының қолданылуы мен жүзеге асыру механизмдері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің «Ар-намыс» кодексінің талаптарының сақталуы туралы қызу талқылаулар жүргізіліп, басқарма қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға толық түсіндірмелер берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkent-alasy-l-farabi-audany-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-bas-armasynda-d-gelek-stel-tti-591875](https://yvision.kz/kk/post/shymkent-alasy-l-farabi-audany-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-bas-armasynda-d-gelek-stel-tti-591875)