---
title: "Шығыстың сөнбес жұлдызы - Әбу-Насыр Әл-Фарабидің туылғанына 1150 жыл !"
description: "“Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады..."
author: "uservk207942483"
published: "2019-12-27T07:23:50+00:00"
modified: "2019-12-27T07:23:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ysty-s-nbes-zh-ldyzy-bu-nasyr-l-farabidi-tuyl-anyna-1150-zhyl-846756"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ysty-s-nbes-zh-ldyzy-bu-nasyr-l-farabidi-tuyl-anyna-1150-zhyl-846756/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шығыстың сөнбес жұлдызы - Әбу-Насыр Әл-Фарабидің туылғанына 1150 жыл !

> “Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады...

“Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса,

жер беті түгелімен берекеге толады”

Әбу Насыр әл-Фараби

Қасиетті 85 жылдық тарихы мол қаращаңырағымыздың атауы - ұлы ойшыл, философ, шығыс ғүламасы Әбу - Насыр - Әл -Фарабидің туылғанына 1150 жылдығы . Атаулы ғұламаның өзіннен кейінгі ұрпааққа калдырған өшпен даналық ойлары мен еңбектері біз , яғни жастарға өмірлік азық , құнды халық мұрасы болып қала бермек . Университетіміздің Басты оқу кітапханасы ғимаратында арнайы шығыстың сөрбес жұлдызы Әбу - Насыр - Әл -Фарабидің арналған өзіндік ерекшелігі бар жаңа мұражай жұмыс жасап тұр. Мұражайда ойшыл, философ Әбу - Насыр - Әл –Фарабидің көне қолжазба еңбектері, кітаптары, қанатты сөздері жазылған тақтайшалары, өзге тілдерге аударылған дүниелеріде баршылық . Музейдің негізгі мазмұндық құрылымы – диорамдық кешендері мен жаймасөрелері тақырыптық экспозицияларға бөлінген. Олар: «Көне Отырар – естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидің жастық шағы»; «Ұлы Жібек Жолы бойымен»; «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты»; «Әл-Фараби еңбектері – адамзаттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары»; «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан».

Мұражай үш тілді ақпараттық дүңгіршектермен, тарихи бейнематериалдар проекциясымен толық қамтылған . Мұражайдың басты қызметтері: өскелең білім алып жатқан жастарға имидждік, ғылыми-инновациялық, тәрбиелік және білім беру. Білім алып жатқан шетел елдік студенттерімізге Әл-Фараби мұрасымен , рухани дүниелеріне шолу жасауға үлкен мүмкіндіктердің бірі .

КазҰУ : Филология және әлем тілдері факультеті

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері

Ғылыми жетекшісі: доктор PhD Кузембаева Ж.Ж

Ермаханбет Нүрилә Ринадқызы магистрант 1 курс

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shy-ysty-s-nbes-zh-ldyzy-bu-nasyr-l-farabidi-tuyl-anyna-1150-zhyl-846756](https://yvision.kz/kk/post/shy-ysty-s-nbes-zh-ldyzy-bu-nasyr-l-farabidi-tuyl-anyna-1150-zhyl-846756)