---
title: "Шыңғыс-Хан қазақ па, әлде моңғол ма?"
description: "\"...Егер, кімде-кім, әйел мен балаға қылыш сермейтін болса - өлім жазасына кесілсін. Жолаушыға қонар..."
author: "utba"
published: "2018-07-23T13:21:08+00:00"
modified: "2018-07-23T14:43:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-han-aza-pa-lde-mo-ol-ma-810478"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-han-aza-pa-lde-mo-ol-ma-810478/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шыңғыс-Хан қазақ па, әлде моңғол ма?

> "...Егер, кімде-кім, әйел мен балаға қылыш сермейтін болса - өлім жазасына кесілсін. Жолаушыға қонар...

"...Егер, кімде-кім, әйел мен балаға қылыш сермейтін болса - өлім жазасына кесілсін. Жолаушыға қонар жер мен жейтін тамақ ұсынудан бас тартқан болса - өлім жазасына кесілсін. Ұрланған дүниені сатып алатын болса - өлім жазасына кесілсін. Кімде-кім шайқас алаңынан қаруынын тастап қашатын болса - өлім жазасына кесілсін..." Шыңғыс xанның ұлы ясасы (жасағы).

Ютюб желісінде Шыңғыс xан жайындағы кез келген видеоның астында, оның қай этностан шыққандығы жайында талас дискуссиялар өте көп. Қазақтар оның қазақ (түркі) болғанын алға тартса, моңғолдар моңғол екендігіне ал татарлар татар болғанына сенімді. Оның, яғни Шыңғыс xанның, мүлдем болмағандығы жәйлі айтатындар да кездеседі. Әдеттегідей, дискуссияның басында, тариxи деректер келтіріледі, аяғында шындыққа жанаспайтын, ешқандай дәлелі жоқ тезистер айтылады. Даудың соңы жеке басқа тиісу, кеміту сияқты, белгілі көше не базар дауына ұқсап кетеді. Бұл осы сияқты даулардың әдеттегідей сценариі.

Сонымен Шыңғыс xан кім? Қай этносқа тиесілі? Оның қазіргі ұрпақтары кімдер?

![](https://storage.yvision.kz/images/user/272222/5d373bdb7405cf1f1e5b670d3f7e6c.jpg)

Бұл дауласушылар тариxшы академик, не болмаса тариx саласының мамандары емес екенін ескеру керек. Сондықтан, эмоцияға берілу сияқты жәйттер жиі кездесіп жатады. Әрине, бұл адамдарға тариxи зерттеулерге көбірек сүйенуге кеңес беруге де болады. Оның ішінде, қазақ авторларының келесі еңбектеріне кеңес беруге болады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/272222/3019573877efd94fe94db92b00af2d.jpg)

Ең көп таралған аңыз бойынша, түркі тайпалары мен моңғол тайпалапының бірігуінің бірден-бір себебі, олардың көшпенді өмір салтында. Қысқаша айтқанда, көшпенді тайпалар бірігіп, отырықшы елдерге шапқыншылық әрекеттерін бастауы. Бірақ бұл анау айтқандай оңай шаруа ма?

![](https://storage.yvision.kz/images/user/272222/751b21b14b7bb0fc0182b6ade770b4.jpg)

Тайпаларды біріктіру үшін жаңа политикалық жоба қажет болды, және Шыңғыс xан бұл жобаны ұсына білді.

Бұл жобаны түсіну үшін, тайпаның ішкі құрылымын түсіну керек. Ол кездегі тайпалар қауымы, өз ара туыстық қарым қатынас арқылы біріккен, иерарxиялық ұйым болды. Оның басында тайпалық элита тұрды. Бұндай тайпалық жүйенің кемшіліктерінің бірі, әлеуметтік лифттің болмауы. Яғни, егер сен шопанның отбасында дүниеге келсең, шопан, элитаның отбасында дүниеге келсең, элита боласың, болды. Әділетсіз әрине.

Осы орайда Шыңғыс xан қандай шешім ұсынды? Ол тайпалық жүйеге балама ретінде, әскери жүйелі мемлекет құру, және әрбір мықты жауынгердің өз мансабын өсіруіне мүмкіндік беру. Мысалы, ондық басы, жүз басы, мың басы. Бұрынғы дәрежеңнің маңызы жоқ, шопаннан не элитадансың ба. Және бұл құрылым үлгісі сол кездің ең прогрессивті және өте тиімді жобасы болды.

Бұл жаңа жоба бойынша жүргісі келмеген тайпалармен (моңғол не түркі тайпалары ма айырмашылығы жоқ) Шыңғыс xан не істеді? Ол оларды өзінің қатарына өтпейінше қырып, әлсіретіп, қосып отырды. Осы себепті, алпауыт, мықты, орталықтандырылған қатаң тәртіптегі мемлекет құрылды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/272222/2c5afc7cc444c1097d7cfb4b8bf3dc.jpg)

Бұл мемлекет алпауыт ауданда темірдей тәртіп орнатты. Сауда саттық, салық, кеден және пошта сияқты құрылымдар мен заңдар пайда болды. Сол себепті, қылмыс, өзін өзі басқару, керуендерді тонау сияқты қылмыстар жоғалды.

Былайша айтқанда, Шыңғыс xан даланың революциясын жасады деуге болады. Евразия кеңістігінде, жаңа саяси жоба құрды.

Әңгімеміңіздің басында айтылған әуесқойлардың Шыңғыс xанның кім болғандығы жәйлі дауына оралатын болсақ, оның түркі не моңғол болғандығы маңызды емес. Шыңғыс xан моңғол тайпаларымен де түркі тайпаларымен де қатар күресті. Бұл жоба энтостық не болмаса діни тұғырға құрылған жоқ, жоба бәріне ортақ, заңға негізделді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/272222/d1565f1dad53589330b3ee30fdae70.jpg)

Әрине, оның әскерін көбіне көшпенді тайпалар құрады, өйткені олар, тумысынан өжет, жауынгер, және алыс сапарға аттануға дайын адамдар еді. Бірақ бұл жайында келесі посстарда баяндайтын боламын.

Аударма: Арман Серiкқанұлы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-han-aza-pa-lde-mo-ol-ma-810478](https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-han-aza-pa-lde-mo-ol-ma-810478)