---
title: "Шығыс Қазақстанда туризм саласы дамуда"
description: "Бірден бірнеше жоба туристерге орман ертегілеріне, жабайы жануарлар әлеміне, ежелгі өмір мен ескі өр..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2019-04-03T07:55:13+00:00"
modified: "2019-04-03T07:55:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-standa-turizm-salasy-damuda-829649"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-standa-turizm-salasy-damuda-829649/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шығыс Қазақстанда туризм саласы дамуда

> Бірден бірнеше жоба туристерге орман ертегілеріне, жабайы жануарлар әлеміне, ежелгі өмір мен ескі өр...

Бірден бірнеше жоба туристерге орман ертегілеріне, жабайы жануарлар әлеміне, ежелгі өмір мен ескі өркениеттің артықшылықтарымен бірге бейбіт өмір сүретін ертегілерге саяхат жасауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі қар басқан таулар мен ормандармен қоршалған Риддер қаласынан бірнеше шақырым жерде көрінеді.

«Шығыс Қазақстанда туризмді дамыту перспективалары» инвестициялық жобаларының тұсаукесерінде ұсынылған үш жоба өздерінің ерекшелігі бойынша ең перспективалы болып саналды. Алайжа, қазірдің өзінде қолданыстағы лагерьлердің иелері жолды, коммуникация мен суды мемлекеттік қолдаусыз туризмді дамыту қиын болады дейді. Айта кету керек, бұл бағыттағы жетістіктер қазірдің өзінде басталады.

«Березовка» - өркениеттің аяқталатын орны.

Осылайша, меншік иесі, Татьяна Смола базаны сипаттайды, ол «Березовка» базасын кеңейтуге арналған жобаны инвестициялауды ұсынды. Татьяна Смола бұл – жабайы табиғатты тамашалаудың мүмкіндігі - демалыс үшін керемет жағдай екеніне сенімді.

«Мобильді байланыс аяқталатындығын елестетіп көріңізші, мұнда аюдың кез келген сәтте шыға келуі мүмкін, мысалы, немесе қоян секіріп шығуы мүмкін! Бұл шетел туристерінің арасында өте танымал, олар үшін бұл өте экзотикалық, ұмытылмас әсерлер қалдырады, олар осындай сезімдер үшін өте алыс баруға және жақсы ақша төлеуге дайын», - дейді Татьяна Смола өзінің базасының тартымдылығы туралы әңгімелеп.

Қазіргі уақытта Березовка базасының иесі 5 гектарға иелік етеді.

«Негізі Риддер қаласынан 5 км қашықтықта орналасқанына қарамастан, ол тайгамен қоршалған. Бірақ бұл өлке қаншалықты әдемі болса да, мүлдем инфрақұрылым жоқ. Міне, сондықтан да мен осы аймақты туристерге тартымды ете тусу үшін инвсетиция салуды өтінемін. Табиғаттың сұлулығы қандай болса да, туристердің алдында гауһар тастарды шашсыңыз да, бірақ келесі жолы адамдар ыстық су мен дәретханасы бар жерге барады», - деді Татьяна Смола.

Шын мәнінде, алаңдауға тұратын мәселе бар. Бүгінгі күні сену қиын, бірақ ауылда электр қуаты жоқ. Осы іспеттес бірқатар шешімін таппаған мәселер бар.

«Мен бірқатар ғимараттар салуды жоспарлап отырмын, бар қонақ үй қорын қалпына келтірмекпін, одан кейін қосымша қонақ үй бөлмелерін салып, олардың санатын люкс және кіші люкске дейін көтеруді жоспарлап отырмыз, азық-түлік бөлімі санитарлық және өрт сөндіру талаптарына сай болуы керек, және аумақтың өзін жақсартуды жоспарлап отырмын», - деді Татьяна Смола.

Осы мақсаттар үшін Татьяна Смола 88 млн. теңге инвестицияны сұрайды, бірақ жобаның жалпы құны 107 млн. долларды құрайды, оның 15 млн доллары өздерінің инвестициялары және 4 млн-нан астамы қосымша қаржы көздерінен табылған.

«Лесснова»: қоқыс пен жолсыздар арқылы мәдени демалысқа

Ұқсас жағдай Риддер қаласына жақын орналасқан басқа туристік базада да орын алды. Березовкадан 3 километр қашықтықта орналасқан туристерге арналған тағы бір тайга бұрышы - Лесснова. Мұнда Ивановский рангінің солтүстік беткейінде атақты балқарағай - ежелгі алпауыт ағаштары басталады.

Қазір лагерьге негізінен жергілікті туристер, альпинистер, спортшылар келеді. Алексей Рыбалконың айтуынша, қалған туристер үшін тартымды база жасау үшін, 50 миллион теңге жеткілікті еді, және ол оның 30-млн өзі салуға дайын.

Экологиялық туризм тиімді бағыт ретінде.

Татьяна Бутиляне Риддер қаласының маңында орналасқан базасын дамытуға мүлдем басқа бағытты таңдады. Ол Батыс Алтай мемлекеттік табиғат қорығының экотуризмге арналған көлденең және арнайы бөлінген аудандарында экологиялық туризмді ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Кәсіпкер туристердің қызығушылығын тудыра алатынына, ақша салуға болатынына, сондай-ақ ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарымен қамтамасыз ету арқылы жақсартуға болатындығына сенімді, өйткені мұндай ауылдарда әйелдер үшін жұмыс жоқ.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы атап өткендей, ұсынылған жобалар жақсы ойластырылған және өте нақты жоспарлар.

«Биылғы жылы Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасында туризм саласында 52 жоба қабылданды, оның 13-і келесі кезеңге өтті, олардың үшеуі іс жүзінде іске асыруға және қаржыландыруға дайын, яғни оларда бизнес-жоспарлар бар, кепілдіктер бар», - деді Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры қызметін атқарушы Қайрат Мамырбаев.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-standa-turizm-salasy-damuda-829649](https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-standa-turizm-salasy-damuda-829649)