---
title: "«Шығыс Қазақстан ОТД Семей қаласында бизнес үшін ақпараттық-коммуникациялық технология қызметтерінің тұсаукесерін өткізді»"
description: "2014 жылдың 11 қарашасында «Қазақтелеком» АҚ 20-жылдығына арналған мерейлі іс-шаралар аясында Шығыс ..."
author: "askerkanov"
published: "2014-11-11T22:49:52+00:00"
modified: "2014-11-11T22:49:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-stan-otd-semey-alasynda-biznes-shin-a-paratty-kommunikaciyaly-tehnologiya-yzmetterini-t-s-438997"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-stan-otd-semey-alasynda-biznes-shin-a-paratty-kommunikaciyaly-tehnologiya-yzmetterini-t-s-438997/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Шығыс Қазақстан ОТД Семей қаласында бизнес үшін ақпараттық-коммуникациялық технология қызметтерінің тұсаукесерін өткізді»

> 2014 жылдың 11 қарашасында «Қазақтелеком» АҚ 20-жылдығына арналған мерейлі іс-шаралар аясында Шығыс ...

**2014 жылдың 11 қарашасында «Қазақтелеком» АҚ 20-жылдығына арналған мерейлі іс-шаралар аясында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық жүйелер дирекциясымен және «Microsoft Қазақстан» компаниясымен бірлесіп заманауи ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің тұсаукесерін ұйымдастырды. Оған Семей қаласындағы 30-дан астам компанияның өкілдері қатысты.**

![«Шығыс Қазақстан ОТД Семей қаласында бизнес үшін ақпараттық-коммуникациялық технология қызметтерінің тұсаукесерін өткізді»](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/G2LkxlZ79225J70zHmbWxuDHNmtR3t.jpg)

ІТ саласындағы инновациялар кәсіпорындарға АТ-инфрақұрылымына кететін операциялық шығындарды барынша азайтады, деректерді жіберу мен сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ АТ-бөлімдеріне жүктемесін азайтады. Іс-шара қонақтарына бірқатар «бұлтты» сервистерімен таныстырды, «бұлттармен» жұмыс істеу кезіндегі ыңғайлылық пен қауіпсіздік туралы, «бұлт» базасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру мүмкіндіктері, бұлтты сервистерге қызмет көрсету және тиімді пайдалануға мүмкіндік беретіндері туралы және тағы басқалар туралы айтып берді.

![«Шығыс Қазақстан ОТД Семей қаласында бизнес үшін ақпараттық-коммуникациялық технология қызметтерінің тұсаукесерін өткізді»](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/5wui4h1SWMsJfxWN0i9o0A8usb499Y.jpg)

«Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық жүйелер дирекциясы - Қазақстан аумағындағы ең ірі хостинг-провайдері болып табылады және 10 мыңнан аса жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді.

![«Шығыс Қазақстан ОТД Семей қаласында бизнес үшін ақпараттық-коммуникациялық технология қызметтерінің тұсаукесерін өткізді»](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/CtP1Cj60v4k41KkT6Ho4OW4eaGb72e.jpg)

Сондай-ақ, 14 деректерді өңдеу орталықтарының базасында, оның ішінде, Павлодар қаласында 1000 м2 көлемінде Tier 3 классындағы дата орталық клиенттерге қызметтердің кең ауқымын ұсынады. Олар, виртуалды хостинг, Colocation (серверлерді орналастыру), Dedicated (серверлерді жалға беру қызметі), сайттарды жасау және дайындау, баспасөз ортылықтарын ұйымдастыру, кеңістікті бейнеконференция байланысы, зияткерлік тұғырнама қызметтері мен Microsoft Office 365 болып табылады.

![«Шығыс Қазақстан ОТД Семей қаласында бизнес үшін ақпараттық-коммуникациялық технология қызметтерінің тұсаукесерін өткізді»](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/U87rsCAbMtYBZFR2cQjlTJ8YOX0vt1.jpg)

![«Шығыс Қазақстан ОТД Семей қаласында бизнес үшін ақпараттық-коммуникациялық технология қызметтерінің тұсаукесерін өткізді»](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/dXX15z40O1p7bpWFLNXL3POE0bPoT6.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-stan-otd-semey-alasynda-biznes-shin-a-paratty-kommunikaciyaly-tehnologiya-yzmetterini-t-s-438997](https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-stan-otd-semey-alasynda-biznes-shin-a-paratty-kommunikaciyaly-tehnologiya-yzmetterini-t-s-438997)