---
title: "Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті"
description: "Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлері арасында XV жазғы к..."
author: "askerkanov"
published: "2015-08-25T21:40:23+00:00"
modified: "2015-08-25T21:40:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-stan-otd-da-zhaz-y-k-psayystan-oblysty-zharys-tti-532952"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-stan-otd-da-zhaz-y-k-psayystan-oblysty-zharys-tti-532952/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті

> Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлері арасында XV жазғы к...

**Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясын****ың қызметкерлері арасында** **XV** **жазғы көпсайыс бойынша облыстық** **спартакиада өтті.** **Жарысқа іріктеу сайыстарында жоғарғы нәтижелерге қол жеткізген аудандық, қалалық өндірістік телекоммуникация тораптарының, бас аппараттың қызметкерлері қатысты.**

**

![Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/7OxeJaZbaJl2wKRadHDKcl2GqGB6Ms.jpg)

**

**

![Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/zZoC8SKtns7l21rgq8EZlbL2b0714g.jpg)

**

**

![Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/0sNv6jmTRc1f3D4Sy2UcaOwNa6yAKO.jpg)

**

Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы дене шынықтыру мен спортқа ерекше мән береді. Дирекциясының спорт және жаттығу залдары бар. Мұнда әрбір қызметкер аптасына үш рет жұмыстан кейін спортпен айналыса алады. Сондықтан да болар жыл өткен сайын салалық спартакиада қызметкерлер, әсіресе жастар арасында ерекше танымалдыққа ие болуда. Өйткені спорт салауатты өмір салтын қалыптастырып, ішкі рухани тәртіпті шыңдай түседі.

![Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/xc79oyWl6ZZX9Y4q2TP87ep7Q7c02N.jpg)

Жазғы көпсайыстық мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлердің спорттық дайындық деңгейін анықтау және соның негізінде республикалық салалық көпсайыстан Шығыс Қазақстан ОТД-сының құрама командасын жасақтау.

![Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/nA5rmv83HsjsLpDCitTF4PQxZO82Q2.jpg)

![Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/eM0ryc2r4d5P8AEpH9kv0B91GKkuPq.jpg)

![Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/YN0P9fiC9zn9UegXlrXqFp03wJM9lr.jpg)

**Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Ермек Қуанышбеков** өз сөзінде жарысқа қатысушыларға жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізулеріне сәттілік тілеп, «спортта жеңілгендер болмайды, өйткені денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй мен командалық рухтан артық марапат жоқ. Бұл спорт түрі баршаға қолжетімді, ол әр ауданның, қаланың, бөлімшелер мен бөлімдердің ұжымдарын біріктіреді. Еңбекпен қатар спортта да жоғары нәтиже көрсететіндіктеріңізге тілектеспін» - деп түйіндеді өз сөзін.

![Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/5K30vpl4Jvy4kMPI0tvBNO60y6uk8Y.jpg)

Сонымен қатар ШҚО байланыс қызметкелері кәсіподақ ұйымының төрайымы Наталья Зиновьева, Семей, Риддер, Күршім мен Қала маңы аудандық өндірістік телекоммуникация тораптары байланыс қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағалары барлық қатысушыларға өз ілтипаттарын білдіре келе мықты денсаулық, мақсаттарына жетуде бар күш-жігерлерін жұмсайтындықтарын атап көрсетті.

![Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/JPs56I4iu7fmmudYt3u9O39ZoDZM7x.jpg)

ХV спартакиадаға Бас аппарат, Семей қ. ҚТД, Күршім, Көкпекті, Аягөз, Қала маңы, Шемонаиха, Риддер, Бесқарағай, Аягөз, Катонқарағай және Көкпекті аудандық өндірістік телекоммуникация тораптарынан 10 команда қатысты.

![Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/38GuQRRMy7hCA5M02r2OMWabMHg39H.jpg)

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Бас аппараттың командасы, екінші орынды Семей қ. ҚТД, үшінші орынды Күршім АӨТТ командасы иеленді.

Ерлер командасы арасында бірінші орынды Семей қ. ҚТД электромонтері Ернар Жиенбаев иеленді, екінші орынды Күршім АӨТТ электромонтерлері Ертай Орынбаев және үшінші орынды Семей қ. ҚТД электромонтері Медеу Нұрханов жеңіп алды.

Әйелдер командасы арасында бірінші орынды Заңды тұлғаларға қызмет көрсету орталығының сату жөніндегі маманы Наталья Сорокина, екінші орынды Маркетинг бөлімінің маркетологы Нұргүл Закарьянова және үшінші орынды Аягөз АӨТТ электромонтері Жаннұр Сармұрзина жеңіп алды.

Сонымен қатар «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Виталий Жабровец, Айдана Мұратқанова, Нұрлан Әлібеков, Оксана Венедиктова және «Споттық рухы үшін» номинациясымен Мейрам Қадесов, Тоғжан Манабаева марапатталды.

![Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/4lQ55FWNYdJjxxHW2g5SkH9C0h2tsM.jpg)

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші және екінші орынды иеленген үздік қызметкерлер 2015 жылдың қазан айында Алматы қаласында өтетін жазғы көпсайыстан республикалық жарыста Шығыс Қазақстан ОТД-ның атынан қатысуға жолдама алды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-stan-otd-da-zhaz-y-k-psayystan-oblysty-zharys-tti-532952](https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-stan-otd-da-zhaz-y-k-psayystan-oblysty-zharys-tti-532952)