---
title: "Шығыс Қазақстан ОТД Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті"
description: "Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық те..."
author: "askerkanov"
published: "2015-08-31T22:11:23+00:00"
modified: "2015-08-31T22:11:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-stan-otd-aza-stan-respublikasyny-konstituciya-k-nine-arnal-an-saltanatty-zhinalys-tti-535351"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-stan-otd-aza-stan-respublikasyny-konstituciya-k-nine-arnal-an-saltanatty-zhinalys-tti-535351/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шығыс Қазақстан ОТД Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

> Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық те...

**Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкері Татьяна Солтык «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды.**

2015 жылдың 28 тамызында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

![Шығыс Қазақстан ОТД Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/R2L5B47UO6N0niO27oQ9y60093qE9h.jpg)

Сөз кезегінде Бас директор Ермек Қуанышбеков, облыстық телекоммуникация дирекциясының барлық қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Ата Заңының қабылданған күнімен құттықтап, ортақ іске деген шынайы ықыласын, кәсіпорындағы жемісті еңбектері үшін алғысын білдірді.

**- «**Міне, Қазақстан Республикасының Ата Заңын қабылдаған күннен бастап 20 жыл өтті. Конституция – демократиялық, құқықтық қоғамды, азаматтардың бостандығы мен құқығын басты құндылық ретінде таныған әлеуметтік мемлекет мәртебесін бекітті. Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, жұмыста жетістік, бейбіт өмір тілеймін!», - деп атап көрсетті.

**

![Шығыс Қазақстан ОТД Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/askerkanov/IYCqDPw29OSD61053wJdy34Gbw2c8J.jpg)

**

Салтанатты жиналыс барысында Ермек Қуанышбеков Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы №59 Жарлығымен Шаруашылықты қамтамасыз ету орталығының маманы Татьяна Солтыкты «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» төсбелгісімен марапаттады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-stan-otd-aza-stan-respublikasyny-konstituciya-k-nine-arnal-an-saltanatty-zhinalys-tti-535351](https://yvision.kz/kk/post/shy-ys-aza-stan-otd-aza-stan-respublikasyny-konstituciya-k-nine-arnal-an-saltanatty-zhinalys-tti-535351)