---
title: "Шыңғырлау ауданынында алдағы аттестацияның мақсаты мен міндеттері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді"
description: "Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорл..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-01-18T08:04:37+00:00"
modified: "2017-01-18T08:04:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-yrlau-audanynynda-alda-y-attestaciyany-ma-saty-men-mindetteri-zh-ninde-a-paratty-t-sindiru-zh-my-750091"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-yrlau-audanynynda-alda-y-attestaciyany-ma-saty-men-mindetteri-zh-ninde-a-paratty-t-sindiru-zh-my-750091/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шыңғырлау ауданынында алдағы аттестацияның мақсаты мен міндеттері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

> Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорл...

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс-Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау сұрақтары бойынша семинар мен азаматтарға көшпелі қабылдау өткізді.

Семинар жұмысына аудан әкімінің аппараты, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметшілері қатысты.

Б.Ә.Исақов өз сөзінде бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесі жаңғыртылғандығын, ал мансаптық модельге өту тек қана конкурстық негізде жүзеге асырылатындығын және қазақстандық модельдің басты құндылығы – ол мемлекеттік қызметте мансап құруға лайықты азаматтарға әділ әрі шынайы әлеуметтік сатыны қамтамасыз ету екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалды реформасын жүзеге асыру шеңберінде, кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша биылғы жартыжылдықта «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері кешенді аттестаттаудан өтетіндігін баяндады. Аттестаттау келесі бағыттарда жүзеге асырылады. Біріншіден, «Б» корпусындағы қызметшілердің кәсіби деңгейін тексеру, ал екіншіден олардың қызметтегі дамуы мен көтерілуге әлеуетін анықтау болып табылады.

Кездесу кезінде Департамент басшысы аудан мен ауылдардың тұрғындарына қабылдау өткізді. Азаматтардан келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды тыңдап, әрі қарай оларға нақты түсініктер беріліп, ақпараттық-түсіндірмелік роликтер көрсетілді.

#Аттестациялау #Мемлекеттік қызмет #Орал

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс-Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау сұрақтары бойынша семинар мен азаматтарға көшпелі қабылдау өткізді. Семинар жұмысына аудан әкімінің аппараты, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметшілері қатысты. Б.Ә.Исақов өз сөзінде бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесі жаңғыртылғандығын, ал мансаптық модельге өту тек қана конкурстық негізде жүзеге асырылатындығын және қазақстандық модельдің басты құндылығы – ол мемлекеттік қызметте мансап құруға лайықты азаматтарға әділ әрі шынайы әлеуметтік сатыны қамтамасыз ету екендігін атап өтті.Сондай-ақ, ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалды реформасын жүзеге асыру шеңберінде, кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша биылғы жартыжылдықта «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері кешенді аттестаттаудан өтетіндігін баяндады. Аттестаттау келесі бағыттарда жүзеге асырылады. Біріншіден, «Б» корпусындағы қызметшілердің кәсіби деңгейін тексеру, ал екіншіден олардың қызметтегі дамуы мен көтерілуге әлеуетін анықтау болып табылады.Кездесу кезінде Департамент басшысы аудан мен ауылдардың тұрғындарына қабылдау өткізді. Азаматтардан келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды тыңдап, әрі қарай оларға нақты түсініктер беріліп, ақпараттық-түсіндірмелік роликтер көрсетілді.#Аттестациялау #Мемлекеттік қызмет #Орал

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shy-yrlau-audanynynda-alda-y-attestaciyany-ma-saty-men-mindetteri-zh-ninde-a-paratty-t-sindiru-zh-my-750091](https://yvision.kz/kk/post/shy-yrlau-audanynynda-alda-y-attestaciyany-ma-saty-men-mindetteri-zh-ninde-a-paratty-t-sindiru-zh-my-750091)