---
title: "ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді"
description: "ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйым..."
author: "kazinform_kz"
published: "2016-06-24T04:37:38+00:00"
modified: "2016-06-24T04:37:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ny-kelesi-sammiti-2017-zhyly-mausymda-astanada-tedi-699393"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-ny-kelesi-sammiti-2017-zhyly-mausymda-astanada-tedi-699393/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді

> ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйым...

ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

![ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform_kz/n9vPC73CIIkfzwmw1sspcr394qLqKe.jpg)

«Қазақстан зор жауапкершілікті сезіне отырып, алдағы жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық жоғары миссиясын өзіне қабылдайды. Біз осы жылдар ішінде өзбек тарабы атқарған ауқымды жұмыстарды жалғастыруға, ШЫҰ-ны дамыту мен нығайтуға өз үлесімізді қосуға, оның әлемдегі рөлі мен беделін арттыруға ниеттіміз», - деді Елбасы.

ҚР Президенті осы орайда Қазақстанның төрағалығы кезіндегі басымдықтар ретінде өңірлік қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, транзиттік-көліктік әлеуетті ашу, мәдени және гуманитарлық байланыстарды тереңдетуді атады.

«Қорытынды шара 2017 жылдың 8-9 маусымында Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті болмақ», - деген Н.Назарбаев отырысқа қатысушы Мемлекет басшылары мен қонақтарды келесі жылы Қазақстанға келуге шақырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shy-ny-kelesi-sammiti-2017-zhyly-mausymda-astanada-tedi-699393](https://yvision.kz/kk/post/shy-ny-kelesi-sammiti-2017-zhyly-mausymda-astanada-tedi-699393)