---
title: "ШЫҰ елдері СІМ басшылары кеңесінің отырысында 20-дан..."
description: "Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында 22 шешімге қол қойылды. \"Олар (шешімдер - ред.) сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда жан-жақты ынтымақтастық орнатуға..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-21T11:12:52+00:00"
modified: "2024-05-21T11:12:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-elderi-sim-basshylary-ke-esini-otyrysynda-20-dan-asa-sheshimge-ol-oyyldy-1004846"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shy-elderi-sim-basshylary-ke-esini-otyrysynda-20-dan-asa-sheshimge-ol-oyyldy-1004846/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ШЫҰ елдері СІМ басшылары кеңесінің отырысында 20-дан...

> Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында 22 шешімге қол қойылды. "Олар (шешімдер - ред.) сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда жан-жақты ынтымақтастық орнатуға...

Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында 22 шешімге қол қойылды.

"Олар (шешімдер - ред.) сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда жан-жақты ынтымақтастық орнатуға қатысты болды", - деді ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин.

Сондай-ақ жиында Беларусьті Ұйымға қабылдау жайы пысықталды. Бұл ел ШЫҰ-ға жақын арада кіруі тиіс.

Қазір ШЫҰ құрамында 9 мемлекет бар. Олар - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Иран, Пәкстан, Ресей.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shy-elderi-sim-basshylary-ke-esini-otyrysynda-20-dan-asa-sheshimge-ol-oyyldy-1004846](https://yvision.kz/kk/post/shy-elderi-sim-basshylary-ke-esini-otyrysynda-20-dan-asa-sheshimge-ol-oyyldy-1004846)