---
title: "Швейцарияда 13-ші зейнетақы берілетін болды. Ал айлық..."
description: "Швейцарияда жалпыхалықтық референдум кезінде дауыс берушілердің 58,2%-ы 13-ші зейнетақы беруді қолдады. Фото: depositphotos.com Deutsche Welle-нің хабарлауынша, осындай заң жобасын жергілікті кәсіподақтар мен солшыл партиялар ұсынған. Референдумға..."
author: "orazali"
published: "2024-03-04T04:40:53+00:00"
modified: "2024-03-04T04:42:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shveycariyada-13-shi-zeyneta-y-beriletin-boldy-al-ayly-zeyneta-y-ansha-1001839"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shveycariyada-13-shi-zeyneta-y-beriletin-boldy-al-ayly-zeyneta-y-ansha-1001839/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Швейцарияда 13-ші зейнетақы берілетін болды. Ал айлық...

> Швейцарияда жалпыхалықтық референдум кезінде дауыс берушілердің 58,2%-ы 13-ші зейнетақы беруді қолдады. Фото: depositphotos.com Deutsche Welle-нің хабарлауынша, осындай заң жобасын жергілікті кәсіподақтар мен солшыл партиялар ұсынған. Референдумға...

*Швейцарияда жалпыхалықтық референдум кезінде дауыс берушілердің 58,2%-ы 13-ші зейнетақы беруді қолдады.*

![Швейцарияда 13-ші зейнетақы берілетін болды. Ал айлық...](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/8f0540eb0b8ca0725495bd7a5b5f3e.jpg)

Фото: depositphotos.com

Deutsche Welle-нің хабарлауынша, осындай заң жобасын жергілікті кәсіподақтар мен солшыл партиялар ұсынған. Референдумға сайлаушылардың 58%-ы келген. 26 кантонның (Швейцариядағы ірі аумақтық-әкімшілік бөлініс) 16-сы қолдапты.

Айта кетейік, Швейцарияда орташа айлық зейнетақы жалғызбастылар үшін 2450 швейцар франкі (шамамен 1 251 950 теңге), ал жұбайлар үшін 3675 франк (шамамен 1 877 925 теңге).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shveycariyada-13-shi-zeyneta-y-beriletin-boldy-al-ayly-zeyneta-y-ansha-1001839](https://yvision.kz/kk/post/shveycariyada-13-shi-zeyneta-y-beriletin-boldy-al-ayly-zeyneta-y-ansha-1001839)