---
title: "Шведова жұптық ойында жеңіске жетті"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Бразилиядағы «Brasil Tennis Cup» турн..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-03-02T21:49:26+00:00"
modified: "2014-03-02T21:49:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shvedova-zh-pty-oyynda-zhe-iske-zhetti-403272"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shvedova-zh-pty-oyynda-zhe-iske-zhetti-403272/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шведова жұптық ойында жеңіске жетті

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Бразилиядағы «Brasil Tennis Cup» турн...

[!\[Шведова жұптық ойында жеңіске жетті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140301160517-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140301160517.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Бразилиядағы «Brasil Tennis Cup» турнирінде жұптық жарыстың финалдық кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап kazsporttv.kz хабарлады.

Ол испандық Анабель Медина-Гарригеспен бір жұпта ойнап, бірінші партияда қарсыластарынан 7:6 есебімен басым түсті. Екінші партияда 2:6 есебімен ұтылды. Ал үшінші шешуші партияда испан-қазақ жұбы 10:3 есебімен жеңіске жетті! Айта кетейік, турнирдің сыйақы қоры — 250 мың АҚШ доллары.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shvedova-zh-pty-oyynda-zhe-iske-zhetti-403272](https://yvision.kz/kk/post/shvedova-zh-pty-oyynda-zhe-iske-zhetti-403272)