---
title: "Шведова Румыниядағы турнирде Пашекті жеңді"
description: "Бухаресттегі теннис турнирі екінші айналымының ойындары басталды. WTA бойынша 79-шы орындағы қа..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-07-13T04:43:49+00:00"
modified: "2015-07-13T04:43:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shvedova-rumyniyada-y-turnirde-pashekti-zhe-di-521266"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shvedova-rumyniyada-y-turnirde-pashekti-zhe-di-521266/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шведова Румыниядағы турнирде Пашекті жеңді

> Бухаресттегі теннис турнирі екінші айналымының ойындары басталды. WTA бойынша 79-шы орындағы қа...

[!\[Шведова Румыниядағы турнирде Пашекті жеңді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150712235301-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150712235301.jpg)

Бухаресттегі теннис турнирі екінші айналымының ойындары басталды. WTA бойынша 79-шы орындағы қазақстандық теннисші Ярослава Шведова әлемнің 243-ші ракеткасы австриялық Тамира Пашектен 7:6, 7:6 есебімен басым түсті.

Матчтың 1 сағат 54 минуты ішінде Ярослава бес брейк-пойнтты жүзеге асырды. Турнирдің үшінші кезеңінде Шведова румыниялық Кристина Динумен кездеседі, деп хабарлады sports.kz.

Басты сөздер: [Спорт](http://inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shvedova-rumyniyada-y-turnirde-pashekti-zhe-di-521266](https://yvision.kz/kk/post/shvedova-rumyniyada-y-turnirde-pashekti-zhe-di-521266)