---
title: "Шұғыла шағынауданында аумағы 1 гектар жаңа сквер ашылды"
description: "Алматы қаласы Наурызбай ауданының Шұғыла шағынауданында Республика күніне орай отбасылық демалысқа арналған жаңа қоғамдық кеңістік аш?..."
author: "AselOmarova"
published: "2026-10-21T10:57:00+00:00"
modified: "2026-10-21T10:58:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shugyla-shagynaudanynda-aumagy-1-gektar-zhana-skver-ashyldy-1022292"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shugyla-shagynaudanynda-aumagy-1-gektar-zhana-skver-ashyldy-1022292/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шұғыла шағынауданында аумағы 1 гектар жаңа сквер ашылды

> Алматы қаласы Наурызбай ауданының Шұғыла шағынауданында Республика күніне орай отбасылық демалысқа арналған жаңа қоғамдық кеңістік аш?...

**Алматы қаласы Наурызбай ауданының Шұғыла шағынауданында Республика күніне орай отбасылық демалысқа арналған жаңа қоғамдық кеңістік ашылды.**

![Шұғыла шағынауданында аумағы 1 гектар жаңа сквер ашылды](https://storage.yvision.kz/images/user/582720/7897b2c4fac60080b24fba4a961eff21.jpg?width=3302&height=2201)

Аумағы 1 гектарды құрайтын сквер қалалық инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналды. Шұғыла шағын ауданы – Наурызбай ауданының әкімшілік орталығы. Мұнда тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, әлеуметтік нысандар да орналасқан. Алайда бұған дейін тұрғындардың серуендеп, демалуына арналған мұндай ауқымды абаттандырылған аумақ болмаған. Жаңа сквер осы қажеттілікті өтеп, тұрғындарға үйінің жанында бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

![Шұғыла шағынауданында аумағы 1 гектар жаңа сквер ашылды](https://storage.yvision.kz/images/user/582720/d67d9018f0e35a6cab11b73a296d21c8.jpg?width=3302&height=2201)

Аумақты көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінген. Мұнда 200 ірі ағаш, 85 қылқан жапырақты ағаш, 30 мыңға жуық бұта және 1,5 мың раушан гүлі отырғызылды.

![Шұғыла шағынауданында аумағы 1 гектар жаңа сквер ашылды](https://storage.yvision.kz/images/user/582720/05daf3e9567b6cd6e14d5563a071f2a2.jpg?width=3302&height=2201)

Тұрғындардың жайлылығы үшін жаяу жүргіншілер жолдары, орындықтар, жарықтандыру жүйесі және автоматтандырылған суару жүйесі қарастырылған. Сонымен қатар абаттандыру элементтері қатарында субұрқақ, «Отбасы» композициясы, перголалар мен балалар ойын алаңы бар.

![Шұғыла шағынауданында аумағы 1 гектар жаңа сквер ашылды](https://storage.yvision.kz/images/user/582720/299b960b188c08595179eb828744ae79.jpg?width=2201&height=3302)

Қазірдің өзінде сквер шағынаудан тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналып, отбасылық серуендеуге, кездесулер өткізуге және таза ауада тынығуға қолайлы жағдай жасауда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shugyla-shagynaudanynda-aumagy-1-gektar-zhana-skver-ashyldy-1022292](https://yvision.kz/kk/post/shugyla-shagynaudanynda-aumagy-1-gektar-zhana-skver-ashyldy-1022292)