---
title: "Штутгарттағы теннис турнирінің финалында кім..."
description: "Мамандар Штутгарттағы (Германия) WTA-500 турнирінің финалында ойнайтын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 4-ракеткасы) мен украиналық теннисші Марта Костюктің (әлемнің 27-ракеткасы) мүмкіндіктеріне баға берді. «Букмекерлік кеңсенің бұл..."
author: "orazali"
published: "2024-04-21T03:57:56+00:00"
modified: "2024-04-21T03:57:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shtutgartta-y-tennis-turnirini-finalynda-kim-zhe-etinine-bolzham-zhasaldy-1003763"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shtutgartta-y-tennis-turnirini-finalynda-kim-zhe-etinine-bolzham-zhasaldy-1003763/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Штутгарттағы теннис турнирінің финалында кім...

> Мамандар Штутгарттағы (Германия) WTA-500 турнирінің финалында ойнайтын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 4-ракеткасы) мен украиналық теннисші Марта Костюктің (әлемнің 27-ракеткасы) мүмкіндіктеріне баға берді. «Букмекерлік кеңсенің бұл...

*Мамандар Штутгарттағы (Германия) WTA-500 турнирінің финалында ойнайтын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 4-ракеткасы) мен украиналық теннисші Марта Костюктің (әлемнің 27-ракеткасы) мүмкіндіктеріне баға берді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/2608a8cad3a7dfb4fb0f61e279749f.jpg)

«Букмекерлік кеңсенің бұл матчқа коэффиценті мынадай: Рыбакинаның жеңісі – 1.33, Костюктің жеңісі – 3.38. Осылайша, қазақстандық теннисші бұл сайыстың айқын фавориті саналып отыр», – деп жазады Sports.kz.

Рыбакина мен Костюк арасындағы ақтық сайыс бүгін Астана уақытымен сағат 16:00-де өтеді. Ал кеше Елена әлемнің 1-ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швентекті 6:3, 4:6, 6:3 есбімен ұтқан болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shtutgartta-y-tennis-turnirini-finalynda-kim-zhe-etinine-bolzham-zhasaldy-1003763](https://yvision.kz/kk/post/shtutgartta-y-tennis-turnirini-finalynda-kim-zhe-etinine-bolzham-zhasaldy-1003763)