---
title: "Штаб мүшелері – Маңғыстауда"
description: "«Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штаб делегациясы арнайы сапармен Маңғыстау облысына ..."
author: "arshatorazov"
published: "2016-03-14T22:57:23+00:00"
modified: "2016-03-14T22:59:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shtab-m-sheleri-ma-ystauda-683585"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shtab-m-sheleri-ma-ystauda-683585/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Штаб мүшелері – Маңғыстауда

> «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штаб делегациясы арнайы сапармен Маңғыстау облысына ...

«Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штаб делегациясы арнайы сапармен Маңғыстау облысына келді.

Үгіт-насихат топ мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасының артықшылықтарын өңірдің құрылысшылары, теңізші, теміржолшы және мұнайшыларына таныстырды.

Аймаққа республикалық сайлауалды ш­таб мүшелерін Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев бас­тап келді.

Маңғыстау облысы елімізді сыртпен бай­ланыстыратын қақпа ретінде қарас­ты­ры­ла­ды. Өңірде ірі көліктік хаб қалыптаспақ. Транспорттық инфрақұрылымды дамытуға ба­ғытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы ая­сында «Боржақты-Ерсай» темір жол тар­ма­ғының құрылысы аяқталған. Оның ұзын­дығы 13,9 шақырым және жобалық құны 9,4 млрд теңгені құрайды. 2015 жылдың сәуір айын­да Құрлық айлағында құны 16,4 млрд тең­гені құрайтын паром кешенінің құры­лы­сы басталды. Құрылысы аяқталғаннан кейін болжам бойыша бұл кешен жылына 3,6 млн тонна әмбебап паромдарды қабылдай алады. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан порттағы жұмысшылармен кездесу барысында штаб өкіл­дері «Нұр Отан» партиясының сайлауал­ды бағдарламасында әр өңірдің нақты даму стратегиясы айқындалғанын атап өтті.

– Біз басымдық берген басты бағыт – Ашық Еуразия құрылысы. «Нұрлы жол» бағ­дарламасы, еуразиялық экономикалық одақ құру, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ав­тожолы, ДСҰ мүшесі атану, Еуропалық одақ­пен серіктестіктің жаңа форматын ен­гізу, Ұлы жібек жолы экономикалық белдеуін қа­лып­тастыру, Азия инфрақұрылымдық ин­вес­тициялар банкінің негізін қалау. Бұл ау­қымды жобалардың барлығы өзара тығыз бай­ланысқан. Біздің мақсатымыз – Қазақ­стан­ды Еуразия құрлығының басты көлік кү­ре­тамырына айналдыру, – деді «Нұр Отан» партиясының республикалық сай­лауал­­ды штабының мүшесі Мейрам Пішем­баев.

Маңғыстау облысының күн тәртібінде теңіз­ жолы арқылы тауар тасымалын арттыру мәселесі алдыңғы қатарда. Бұл ретте Каспий теңізін жағалай төселген темір жол желісі де салынды. Қазақстанның екінші теңіз қақ­пасы атанған жаңа айлақ транзиттік әлеуетті әл­дендіре түсері сөзсіз. Бұл туралы респуб­ли­калық штаб өкілдерімен өткен кездесу ба­ры­сында жұмысшы қауым өкілдері мақ­та­нышпен айтты.

Мемлекет тарапынан ШОБ өкілдеріне қолдау жайлы штаб мүшелері Жаңаөзен тігін фаб­рикасы «Жанарыс» ЖШС-ның өндіріс алаңында өткен жиын барысында толық айт­ты. 2015 жылы шағын және орта биз­нес­ті дамытуға Үкімет тарапынан 180 млрд теңге бөлініпті. Бұл қомақты қаржы 110 мың адам­ның жұмыс орнын сақтап қалуға және 1,5 мың адамға жаңа жұмыс орнын ашуға сеп­тігін тигізген.

Республикалық сайлауалды штаб өкіл­дері сондай-ақ теңіз деңгейінен 532 метр биік­тікте орналасқан «Отпан тау» тарихи-мә­дени кешенінде аймақ ақсақалдары жә­не зиялы қауым өкілдерімен кездесу өт­кізді. Алқалы жиын барысында ақсақалдар «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағ­дар­ламасына қолдау білдірді.

«Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штаб делегациясы арнайы сапармен Маңғыстау облысына келді. Үгіт-насихат топ мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасының артықшылықтарын өңірдің құрылысшылары, теңізші, теміржолшы және мұнайшыларына таныстырды.Аймаққа республикалық сайлауалды ш­таб мүшелерін Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев бас­тап келді. Маңғыстау облысы елімізді сыртпен бай­ланыстыратын қақпа ретінде қарас­ты­ры­ла­ды. Өңірде ірі көліктік хаб қалыптаспақ. Транспорттық инфрақұрылымды дамытуға ба­ғытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы ая­сында «Боржақты-Ерсай» темір жол тар­ма­ғының құрылысы аяқталған. Оның ұзын­дығы 13,9 шақырым және жобалық құны 9,4 млрд теңгені құрайды. 2015 жылдың сәуір айын­да Құрлық айлағында құны 16,4 млрд тең­гені құрайтын паром кешенінің құры­лы­сы басталды. Құрылысы аяқталғаннан кейін болжам бойыша бұл кешен жылына 3,6 млн тонна әмбебап паромдарды қабылдай алады. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан порттағы жұмысшылармен кездесу барысында штаб өкіл­дері «Нұр Отан» партиясының сайлауал­ды бағдарламасында әр өңірдің нақты даму стратегиясы айқындалғанын атап өтті.– Біз басымдық берген басты бағыт – Ашық Еуразия құрылысы. «Нұрлы жол» бағ­дарламасы, еуразиялық экономикалық одақ құру, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ав­тожолы, ДСҰ мүшесі атану, Еуропалық одақ­пен серіктестіктің жаңа форматын ен­гізу, Ұлы жібек жолы экономикалық белдеуін қа­лып­тастыру, Азия инфрақұрылымдық ин­вес­тициялар банкінің негізін қалау. Бұл ау­қымды жобалардың барлығы өзара тығыз бай­ланысқан. Біздің мақсатымыз – Қазақ­стан­ды Еуразия құрлығының басты көлік кү­ре­тамырына айналдыру, – деді «Нұр Отан» партиясының республикалық сай­лауал­­ды штабының мүшесі Мейрам Пішем­баев.Маңғыстау облысының күн тәртібінде теңіз­ жолы арқылы тауар тасымалын арттыру мәселесі алдыңғы қатарда. Бұл ретте Каспий теңізін жағалай төселген темір жол желісі де салынды. Қазақстанның екінші теңіз қақ­пасы атанған жаңа айлақ транзиттік әлеуетті әл­дендіре түсері сөзсіз. Бұл туралы респуб­ли­калық штаб өкілдерімен өткен кездесу ба­ры­сында жұмысшы қауым өкілдері мақ­та­нышпен айтты.Мемлекет тарапынан ШОБ өкілдеріне қолдау жайлы штаб мүшелері Жаңаөзен тігін фаб­рикасы «Жанарыс» ЖШС-ның өндіріс алаңында өткен жиын барысында толық айт­ты. 2015 жылы шағын және орта биз­нес­ті дамытуға Үкімет тарапынан 180 млрд теңге бөлініпті. Бұл қомақты қаржы 110 мың адам­ның жұмыс орнын сақтап қалуға және 1,5 мың адамға жаңа жұмыс орнын ашуға сеп­тігін тигізген. Республикалық сайлауалды штаб өкіл­дері сондай-ақ теңіз деңгейінен 532 метр биік­тікте орналасқан «Отпан тау» тарихи-мә­дени кешенінде аймақ ақсақалдары жә­не зиялы қауым өкілдерімен кездесу өт­кізді. Алқалы жиын барысында ақсақалдар «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағ­дар­ламасына қолдау білдірді.

http://aikyn.kz/ru/news/show/21665-shtab_m_sheler_ma_ystauda

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shtab-m-sheleri-ma-ystauda-683585](https://yvision.kz/kk/post/shtab-m-sheleri-ma-ystauda-683585)