---
title: "Шортанды ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы"
description: "Ағымдағы жылдың 10 маусымында «Нұр Отан» партиясының Шортанды аудандық филиалында облыстық «Адал жол..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-06-10T06:13:06+00:00"
modified: "2016-06-10T06:13:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shortandy-audany-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-697080"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shortandy-audany-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-697080/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шортанды ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

> Ағымдағы жылдың 10 маусымында «Нұр Отан» партиясының Шортанды аудандық филиалында облыстық «Адал жол...

![Шортанды ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/Zd2LIl8D11Y0m6b0R8e0h3TaITu11x.jpg)

Ағымдағы жылдың 10 маусымында «Нұр Отан» партиясының Шортанды аудандық филиалында облыстық «Адал жол - Честный путь!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырыс барысында «№2 Шортанды сайлау округі» алғашқы партия ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмысы, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына сәйкес білім мен тәрбие мәселелері қаралды. «№2 Шортанды сайлау округі» алғашқы партия ұйымының төрағасы Д. Жапаров аталған мәселелер туралы баяндады.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы А. Қожамсейітов Шортанды ауданындағы 2016 жылдың 1-тоқсанындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың мониторингісінің қорытындылары туралы ақпарат берді.

Іс-шараға 15 адам қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shortandy-audany-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-697080](https://yvision.kz/kk/post/shortandy-audany-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-697080)