---
title: "«Шолпы», «Аққу», «Алтынай» билерінің тарихы қандай?"
description: "Бүгін 17:50-де Ұлттық арнадан «Қазақстан би әлемі» хабарын көріңіз. Қазақ билерi – көбiне нақты бе..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-24T22:38:30+00:00"
modified: "2015-07-24T22:38:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sholpy-a-u-altynay-bilerini-tarihy-anday-524656"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sholpy-a-u-altynay-bilerini-tarihy-anday-524656/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Шолпы», «Аққу», «Алтынай» билерінің тарихы қандай?

> Бүгін 17:50-де Ұлттық арнадан «Қазақстан би әлемі» хабарын көріңіз. Қазақ билерi – көбiне нақты бе...

**Бүгін 17:50-де Ұлттық арнадан «Қазақстан би әлемі» хабарын көріңіз.**

**

![«Шолпы», «Аққу», «Алтынай» билерінің тарихы қандай?](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/VsapK699dqHgYZ5JgWNmChdvILH91v.jpg)

**

Қазақ билерi – көбiне нақты белгiлi бiр тұрмыс-тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады.

Ол елдiң сән-салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы-мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұрады.

Бұл өнер халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеді. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан.

Бүгін «Қазақстан би әлемі» хабары «Шолпы», «Аққу», «Алтынай» билерінің тарихы мен орындалу ретіне тоқталмақ. Сағат 17:50-де Ұлттық арнадан көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sholpy-a-u-altynay-bilerini-tarihy-anday-524656](https://yvision.kz/kk/post/sholpy-a-u-altynay-bilerini-tarihy-anday-524656)