---
title: "Шоколад құймақтары"
description: "Достар, алдарыңызда жаңа айдар. Жексенбі күндері \"Екпін\" аспаздыққа арналған жазбаларды ұсынады. Қар..."
author: "Arsik"
published: "2012-10-24T16:45:00+00:00"
modified: "2012-02-11T12:19:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shokolad-yma-tary-226234"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shokolad-yma-tary-226234/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шоколад құймақтары

> Достар, алдарыңызда жаңа айдар. Жексенбі күндері "Екпін" аспаздыққа арналған жазбаларды ұсынады. Қар...

*Достар, алдарыңызда жаңа айдар. Жексенбі күндері "Екпін" аспаздыққа арналған жазбаларды ұсынады. Қарап отырсаңыз, қиын ештеңесі жоқ, демалыста бос уақытыңыз болса, жасап көріңіз.*

![Шоколад құймақтары](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/TWCQ21Ms8jPG3B47Ng1N3sreEHj9WA.png)

![Шоколад құймақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/G97ogb1WftdEVm57777uRrdlIPdqJi.jpg)

Қандай да бір тағам дайындамас бұрын, оның шыққан тарихын, аталудың сырын біліп алу қызық болар. Құймақтар енемес оладьи – жұмыртқа мен ұнның негізінде, су немесе айран араластырылып қуырылатын тағамның түрі. Орыс оладьиі, француз оладьиі, т.б. түрлері бар. «Оладьи» сөзінің түбірі «олеум», яғни «май» сөзінен шыққан деген болжам бар. Сондай-ақ орыстар «Оладьи» сөзін махаббат пен сұлулық құдайы Ладаның атымен байланыстырады. Біз бұл қарапайым тағамға біраз ерекшелік қосып, дайындап көрейік.

**Ол үшін бізге не қажет:**

Ұн – 300 г.

Лимон шырыны – 5 мл.

Қант – 60 г.

Жұмыртқа – 1

Сода – 2 г.

Айран- 400 мл.

Какао ұнтағы – 40 г.

Күнбағыс майы – 60 мл.

Алдымен лимон шырынын, қант пен жұмыртқаны жақсылап араластырып аламыз.

![Шоколад құймақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/wN0PnYuY7liI23pQ3V37anTN8dODqK.jpg)

Одан соң оған ұн, сода мен какао ұнтағын және соңынан айранды қосамыз.

![Шоколад құймақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/eUiWdfqkk8k3IArHV6X9V6HEXJyK6q.jpg)

Ұн қосылғаннан кейін жақсылап араластырып отыруды ұмытпаймыз.

![Шоколад құймақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/XBMZ37v6iK689PZwIq8tx2ScH3HX74.jpg)

![Шоколад құймақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/SIYZesp1cZ3yfwz8Gab2lpYTqN2RDg.jpg)

![Шоколад құймақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/4vJZoW5fjH0Ufn2MOpsPsbu79Ok2L8.jpg)

Дайындағанымыз қою болуы керек.

![Шоколад құймақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/aXs2WRuygD0K6wzYt34dKQF2SGSrJM.jpg)

Тұрғызбай, тез қуыруға кірісеміз. Алдымен майды қыздырып алып, құймақты екі жағынан да жақсылап қыздырып қуырамыз.

![Шоколад құймақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/ADH9LJbVuMEf3Yrb3e15ZxCB71O40W.jpg)

![Шоколад құймақтары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/a4eNYEM1Sti9jSFoyfoX42Y0hS382u.jpg)

Асыңыз дәмді болсын!

*Ескерту: бұл тағамға тәттірек какао таңдаған жөн.*

*__________________________________________________________________________*

*Сіздермен бірге асханада болған **Айжан Карибаева***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shokolad-yma-tary-226234](https://yvision.kz/kk/post/shokolad-yma-tary-226234)