---
title: "Шоқан Уәлиханов"
description: "Шоқан Уәлиханов- Қазықтың жас ғалымының географиялық және тарихи зерттеулері П.П.Семенов Тянь-Шаньск..."
author: "aimukashova"
published: "2018-11-01T05:43:23+00:00"
modified: "2018-11-01T05:43:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sho-an-u-lihanov-818292"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sho-an-u-lihanov-818292/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шоқан Уәлиханов

> Шоқан Уәлиханов- Қазықтың жас ғалымының географиялық және тарихи зерттеулері П.П.Семенов Тянь-Шаньск...

Шоқан Уәлиханов- Қазықтың жас ғалымының географиялық және тарихи зерттеулері П.П.Семенов Тянь-Шаньский арқылы Петербордың ғылыми ортасында белгілі бола бастады. Содан кейін де, 1857 жылы 27 ақпанда Шоқан Уәлиханов Орыс географиялық қоғамына толық қабылданған болатын. Жас ғалымға П.П.Семенов Тянь-Шаньский мен В.И.Ламанский ауызша мінездеме берген еді. Яғни, олар Шоқан Уәлихановты, әсіресе, осы кезге дейін тың жатқан Орта Азия мен Қазақстанды тануда көп пайдасын, үлесін тигізген. Семенов Тянь-Шаньскийдің пікірі сараң тілімен сақталып: " Шоқан Уәлиханов Ыстық Көлдің шығыс жағалауына саяхат жасап, қазақ даласы жөнінде географиялық, этнографиялық және тарихи құнды материалдар қорын жинады және оларды ұсынуға әзір", деп жазған болатын. Шоқан Уәлихановтың осы күнге дейінгі еңбектерін мойындап, Орыс географиялық қоғамына толық мүшелігiне сайлануын ұсынды.

Шоқан Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық қызметі X X ғ. 50-шi жылдардың аяғы мен 60-шы жылдардың басында жандана бастады. Содан кейін де, 1858-1859 жылдары ол өзін батыл санап, Қашқарға саяхат жасайды. Еуропаға беймәлім дерлік бұл елдің географиясымен, тарихымен және саяси жағдайымен ерекше үлес қосқан. Шоқан Уәлихановты атап кетуге болады. Негізінде, Шоканның Қашқарға ұйытқы болғандар орыстың тамаша ғалымдары: Е.П.Ковалевский мен П.П.Семенов Тянь-Шаньский еді. Тянь-Шаньский экпедициясынан қайтып келе жатып, П.П.Семенов Тянь-Шаньский Қашқарға экспедиция жіберу қажет екендігі жөнінде Г.Х.Гасфортқа ой салып, ол міндетті орындауды Ш.Уәлихановқа тапсыруға кеңес береді. «Менің бұл дарынды жасқа генерал Гасфорттың ерекше көңіл аударуын өзіме міндет деп санағаным Тянь-Шань саяхатынан қайтып келгеннен кейін, Уәлихановты қырғыша киіндіріп, сауда керуенмен Қашқарға жіберу жайлы ой салдым және Уәлиханов бұл міндетті зор табыспен орындап қайтты».

Ол Г.Х.Гасфортқа: «генерал-губернатордың қарамағындағы қызметкерлердің арасында Қашқарға қырғыздардың ұлттық киімін кигізіп жіберген күнде, өзінің білімі мен дарындылығының арқасында тек Қашқар емес, бүкіл Алтышардың бүгінгі жағдайы жөнінде Ресей үшін аса бағалы мәліметтер жинап және сол кездегі Қытай Түркістанында болып жатқан бүліктердің себептерін анықтай алатын бірден-бір офицер-Уәлиханов» деп атап көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sho-an-u-lihanov-818292](https://yvision.kz/kk/post/sho-an-u-lihanov-818292)