---
title: "Шіркін-ай, өмір өзі, қымбат қой..."
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Сергей Чекалин «Птицы» Бейнематериал авторы – Music R..."
author: "Aikosmuz"
published: "2017-10-22T07:33:28+00:00"
modified: "2017-10-22T07:33:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shirkin-ay-mir-zi-ymbat-oy-782487"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shirkin-ay-mir-zi-ymbat-oy-782487/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шіркін-ай, өмір өзі, қымбат қой...

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Сергей Чекалин «Птицы» Бейнематериал авторы – Music R...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – Сергей Чекалин «Птицы»**

**Бейнематериал авторы – Music Russia**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

**Вконтакте - [https://vk.com/public56982889](https://vk.com/public56982889)**

 
 
 
 
 

Ей адамдар, ойланыңдар, тоқтаңдар,

Кемсітпеңдер біреуді, кедей болса.

Дүние шолақ, бір соны, ұмытпандар,

Кем болмаспыз ортаға, тәубе қонса.

 

Бұл тағдырды, біз емес, Алла шешкен,

Жазылғанын пешенеге көрерміз.

Өзіменен байлықты, кім әкеткен?

Болмау керек, жан-жақтан, тек өкпеміз.

 

Не береміз ұрпаққа, айтыңдаршы?

Саудаға салып жатсақ, болашақты.

Ұмытпайық, ата-ананың борышы,

Сабырлықпен тең қылу, бұл уақытты.

 

Кемсіткеннен не пайда, қаларсыңдар,

Жат болып, басқалардан, алыстап.

Бар қиыны, ұрпақты жылатқандар,

Той - думанды таразға, бүгін тастап.

 

Барады, өзім деген, өзек жарып,

Бос намысты, қорғап жатыр кеудемен.

Жоқ болсада, әр жақтан, қарыз алып,

Бар ойы, жүргеніме, ішіп-жеумен?

 

Бола берсін той-думандар, солай ғой,

Өлшенбесін, брақ өмір, бір күнмен.

Мынау таразда, ең қымбат, терең ой ғой,

Семіртейік көңілді, жылы сөзбен.

 

Шіркін-ай, өмір өзі, қымбат қой,

Кетерміз, бір күн бізде, қүстай үшып.

Бұл өмірде, ең қымбат, сыйластық қой,

Сүрейікші өмірді, сүйіп-құшып.

 
 

https://www.youtube.com/watch?v=QhcjJX-g5jg&feature=youtu.be

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shirkin-ay-mir-zi-ymbat-oy-782487](https://yvision.kz/kk/post/shirkin-ay-mir-zi-ymbat-oy-782487)