---
title: "Үшінші күн"
description: "Міне,үшінші күнге де жеттік.Бүгін біз таң сәріден бастап,кеш батқанға дейін Астана қаласының көрікті..."
author: "Asemzhan99"
published: "2013-07-08T13:29:49+00:00"
modified: "2013-07-08T13:29:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shinshi-k-n-361730"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shinshi-k-n-361730/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үшінші күн

> Міне,үшінші күнге де жеттік.Бүгін біз таң сәріден бастап,кеш батқанға дейін Астана қаласының көрікті...

Міне,үшінші күнге де жеттік.Бүгін біз таң сәріден бастап,кеш батқанға дейін Астана қаласының көрікті жерлерін тамашаладық.Экскурсиямызды Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағатынан бастадық.Бұл жерде біз елбасымыздың қол қойған көптеген ресми құжаттарды көрдік.Мұрағатты аралап болғаннан кейін,экскурсиямыздың екінші бағыты-С.Сейфуллинге арналған мұражайға бардық.Маған бұл мұражайда өте ұнады.Бұл жерде біз тек ғана осы кісі туралы мәліметтер біліп қойған жоқпыз,сонымен қатар,бабамыздың қолданған заттарын да тамашаладық.Экскурсиямыздың қызықты өтуі соншалық, біз келесі мекемеге баруға асығып отырдық.Біздің келесі бағытымыз- Тәуелсіздік сарайы болды.Бұл жер де маған өзінің өзгеше қырымен ұнады.Сарай көптеген әдемі суреттермен,4D кинотеатрмен,ең үлкен конгресс холлмқен және тағы да басқа әдемі өнер туындыларымен жабдықталған.Тәуелсіздік сарйынан шыға сала, біз Хазірет сұлтан мешітіне барып, Құран оқытқыздық.Содан соң барлығымыз иманмен бірге мешіттің ішін аралап шықтық.Мешіт іші өте әдемі екен,маған ұнады.Мешіттен кейін бағдарымызды-Бейбітшілік және келісім сарайына бұрдық.Сарай іші өзгеше бір дизайнмен салынған екен.Ол 8 қабаттан тұрады.Ал сол үстіңгі қабаттың терезелерінде бейбітшілік символы-ақ көгершіндер бейнеленген екен.Осылай біз бүгінгі күнді өте қызықты өткіздік және Астанамыз ең көрікті қалаларының бірі екеніне тағы да көз жеткіздік!

![Үшінші күн](https://storage.yvision.kz/images/user/asemzhan99/5cQoi5Ov64R03jAW0134ruCa8PlcLi.jpg)

![Үшінші күн](https://storage.yvision.kz/images/user/asemzhan99/OLkLD3XlT2Mi0DWZzw5kuh4CmEHRgD.jpg)

![Үшінші күн](https://storage.yvision.kz/images/user/asemzhan99/1w3EZIH75GH3X4uB2ur9guShM1KrfL.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shinshi-k-n-361730](https://yvision.kz/kk/post/shinshi-k-n-361730)