---
title: "Шикізаттың аса маңызды түрлерін өндіру..."
description: "Мемлекет басшысының айтуынша, шикізаттың аса маңызды түрлерін өндіру ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты саналады. \"Сирек кездесетін металдар көптеген технология үшін аса маңызды компонентке айналды. Олар өнеркәсіп, цифрлық технологиялар,..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-28T05:45:55+00:00"
modified: "2024-03-28T05:45:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shikizatty-asa-ma-yzdy-t-rlerin-ndiru-yntyma-tasty-ty-bolasha-y-shin-azhet-1002743"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shikizatty-asa-ma-yzdy-t-rlerin-ndiru-yntyma-tasty-ty-bolasha-y-shin-azhet-1002743/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шикізаттың аса маңызды түрлерін өндіру...

> Мемлекет басшысының айтуынша, шикізаттың аса маңызды түрлерін өндіру ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты саналады. "Сирек кездесетін металдар көптеген технология үшін аса маңызды компонентке айналды. Олар өнеркәсіп, цифрлық технологиялар,...

**Мемлекет басшысының айтуынша, шикізаттың аса маңызды түрлерін өндіру ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты саналады. **

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/472cdd09d04b68a013d66cb1fd01e2.jpg)

"Сирек кездесетін металдар көптеген технология үшін аса маңызды компонентке айналды. Олар өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, ғарыш және қорғаныс сияқты стратегиялық салаларда мүлдем қалдық болмайтын деңгейге жету үшін қажет. Біз уран, литий, титан және басқа да сирек кездесетін элементтердің ірі кен орындарын игерудің ең тиімді тәсілдерін қолдану мақсатында халықаралық серіктестермен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыра береміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Азия өзінің экономикалық, технологиялық және мәдени артықшылықтарын пайдалану арқылы әлемнің келешек даму бағытын айқындауда шешуші рөл атқара алатынына сенім білдірді. Бұл ретте Президент Боао Азия форумы және Астана халықаралық форумы (AIF) сияқты маңызды халықаралық диалог алаңдарының практикалық перспективасы зор екенін атап өтті. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев БАФ қонақтарын 2024 жылдың маусым айында өтетін Астана халықаралық форумына шақырды. [t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shikizatty-asa-ma-yzdy-t-rlerin-ndiru-yntyma-tasty-ty-bolasha-y-shin-azhet-1002743](https://yvision.kz/kk/post/shikizatty-asa-ma-yzdy-t-rlerin-ndiru-yntyma-tasty-ty-bolasha-y-shin-azhet-1002743)