---
title: "\"Шеврон\" IT саласының дамуына үлес қосуда"
description: "Күні кеше Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы политехникалық зерттеу университетінде еліміздегі ең ірі IT-..."
author: "Nazym93"
published: "2023-08-12T13:37:46+00:00"
modified: "2023-08-12T13:38:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shevron-it-salasyny-damuyna-les-osuda-992935"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shevron-it-salasyny-damuyna-les-osuda-992935/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Шеврон" IT саласының дамуына үлес қосуда

> Күні кеше Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы политехникалық зерттеу университетінде еліміздегі ең ірі IT-...

Күні кеше Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы политехникалық зерттеу университетінде еліміздегі ең ірі IT-инкубатор – nFactorial School «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып, отандық жас таланттардың 10 апта ішінде 100-ден астам бірегей веб-қосымша жасап шығарған Demo Day – жазғы бағдарламалау нәтижесін салтанатты түрде атап өтті.

!["Шеврон" IT саласының дамуына үлес қосуда](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/7e69cc3d9312c708ca2718984a9543.png)

Бағдарламаның мақсаты – IT қызметтерін экспорттау және Қазақстанда жасалған бағдарламалық жасақтаманы сату арқылы ел экономикасына 1 миллиард АҚШ долларын әкелетін 10 000 кәсіби әзірлеушіні даярлау.

!["Шеврон" IT саласының дамуына үлес қосуда](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/8290845da38d50d20a1dcd65683e02.jpg)

Demo Day бағдарламасын жүзеге асыру барысында қазылар алқасы қазақстандық және халықаралық техникалық университеттер мен мектептердің дарынды жігіттері мен қыздары әзірлеген 23 үздік веб-қосымшаны ұсынады.

!["Шеврон" IT саласының дамуына үлес қосуда](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/37b747a8fca7d2846b33b2ded02830.jpg)

Салтанатты жиында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық бағдарламашы өздері ойлап тапқан 100-ге тарта қосымшаларын көпшілік назарына ұсынды. Әр қосымша бүгінгі күні қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қолыңызда смартфон болса, QR-код арқылы өзіңізді қызықтырған қосымшаның жұмысымен бірден таныса аласыз. Жиынның ашылуында сөз алған nFactorial School бағдарламасының негізін қалаушы Арман Сүлейменовтың айтуынша, елімізде білімді де дарынды жастар өте көп.

!["Шеврон" IT саласының дамуына үлес қосуда](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/2b6c5a94c643a24991f022b5ddd3cd.jpg)

Биыл 4100-ден астам сауалнамадан іріктеуден өткен 100 + nFactorial Incubator қатысушыларын 15 үздік қазақстандық және халықаралық IT жоғары оқу орындары мен 9 мектеп ұсыныпты. Оларға қолдау көрсету арқылы еліміздегі IT саланы биік деңгейге көтеруге болады. Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жастарға арналған бағдарламаның болашағы зор екенін ерекше атап өтті.

!["Шеврон" IT саласының дамуына үлес қосуда](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/f53756f5e3a0fd2e70e4861668de1a.jpg)

«Бүгінде министрлік тарапынан да IT жобаларға жоғары деңгейде қолдау көрсетілді. Бүгінде жасанды интеллект дәуірі адамның ажырамас бір бөлігіне айналды. Талантты жастардың білімге құштарлығы, стартап жобаларға ықыласпен қатысуы қуантады. Еліміз цифрландыру технологиясының нәтижесін көре бастады. Сондықтан осындай бастамалардың өз нәтижесін беріп жатқанына алғыс білдіремін», — деді Саясат Нұрбек өз кезегінде.

!["Шеврон" IT саласының дамуына үлес қосуда](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/990b705e9e3439d8e2ca9b7c19f973.jpg)

«Шеврон» компаниясының өкілі Айнұр Сағымбайқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, компанияның әлеуметтік жобаларға демеушілік ететінін айтты. Ол: «Осындай ауқымды шараның бір бөлігі болу, біз үшін үлкен мәртебе. «Шеврон» компаниясы 1993 жылы Қазақстанға келген алғашқы халықаралық инвестор. Осы жылдар арасында біздің компаниямыздың әлеуметтік инвестициялары елдің адами капиталын дамытуда шешуші рөл атқарды. Компания бұл жобаға екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп отыр. Жастардың өз жобалары мен қосымшаларын жасауға, оларды дамытуға ұйытқы болғанымыз үшін қуаныштымыз.

!["Шеврон" IT саласының дамуына үлес қосуда](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/778228bfa11fc0b20ea76ac119a417.jpg)

Еліміз IT саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізеді деген ойдамын»,-деді. «nFactorial бағдарламасының миссиясы — ақпараттық технологиялар саласында Қазақстанның адам капиталын дамыту. Біздің мақсатымыз – 10 000 программист дайындау, олар елдің экономикасына 1 млрд АҚШ долларынан астам пайда әкеледі. Орта Азияда IT саласында кәсіби кадрларды дайындайтын және өңірде IT-аутсорсинг бойынша ең ірі орталықты құру», – деп атап өтті бағдарлама ұйымдастырушысы Алмас Тұяқбаев.

#Шеврон

#DemoDay

#Сатбаевуниверситеті

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shevron-it-salasyny-damuyna-les-osuda-992935](https://yvision.kz/kk/post/shevron-it-salasyny-damuyna-les-osuda-992935)