---
title: "Шетелдіктер Ақмола облысында медицинаны оқитын болады"
description: "Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалин Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің меди..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-10-08T03:56:29+00:00"
modified: "2018-10-09T07:18:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sheteldikter-a-mola-oblysynda-medicinany-o-ityn-bolady-816293"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sheteldikter-a-mola-oblysynda-medicinany-o-ityn-bolady-816293/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шетелдіктер Ақмола облысында медицинаны оқитын болады

> Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалин Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің меди...

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалин Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің медициналық факультетінде шетелдік студенттерді оқыту жөнінде кеңес өткізді.

Оқу жұмысы жөніндегі проректор Айгүл Жақыпованың айтуынша, университет медициналық кадрларды даярлау үшін қажетті жағдайға ие: факультетте кадрлар, оқу-зертханалық жабдықтар сатып алынды, медициналық факультет деканаты құрылды, екі кафедра бар - клиникалық пәндер мен морфология, физиология және жалпы анатомия. 103 мұғалім шетелдік студенттерді ағылшын тілінде оқытады.

«Жалпы медицина» мамандығы студенттерінің контингенті - 173 адам, олардың 50-і облыс әкімінің грантымен, 12-і ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттары бойынша, қалғаны шарттық негізде жүргізіледі.

Дәрігерлерді және заманауи лабораторияларды - «виртуалды пациент», «виртуальды медициналық академия» клиникаға дейінгі оқыту орталығының жұмысын ұйымдастыру мақсатында екі қабатты ғимарат университетке берілді.

Қазіргі уақытта Көкшетау мемлекеттік университетінде Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейден келген 60 шетелдік студенттер оқиды. Сонымен қатар Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланка, Непал, Бангладеш студенттерін тарту туралы келісімге қол қойылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sheteldikter-a-mola-oblysynda-medicinany-o-ityn-bolady-816293](https://yvision.kz/kk/post/sheteldikter-a-mola-oblysynda-medicinany-o-ityn-bolady-816293)