---
title: "Шетелдік әскери инспекторлар Қазақстанның батысында болды"
description: "Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартқа сәйкес құрамы Италия, Испания, Түркия және Норвегиян..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-06-21T01:09:26+00:00"
modified: "2013-06-21T01:09:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sheteldik-skeri-inspektorlar-aza-stanny-batysynda-boldy-358680"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sheteldik-skeri-inspektorlar-aza-stanny-batysynda-boldy-358680/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шетелдік әскери инспекторлар Қазақстанның батысында болды

> Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартқа сәйкес құрамы Италия, Испания, Түркия және Норвегиян...

**Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартқа сәйкес құрамы Италия, Испания, Түркия және Норвегияның әскери өкілдерінен тұратын көпұлтты инспекциялық топ Батыс Қазақстандағы «көрсетілген ауданда» әскери инспекция өткізді.**

Халықаралық деңгейдегі іс-шараны ҚР ҚМ Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспециялық қызметті қамтамасыз ету ету жөніндегі орталық ұйымдастырды.

Орал қаласынан басталған инспекция Орал өзенінің батыс жағындағы ауданда жүргізілді. Инспекцияның мақсаты «көрсетілген ауданда» Шартпен шектелетін қару-жарақтар мен әскери техниканың болу немесе болмау фактісін тексеру болып табылады.

Бұл секілді инспекциялық тексерулер Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шарттағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері шеңберінде жүзеге асырылады.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sheteldik-skeri-inspektorlar-aza-stanny-batysynda-boldy-358680](https://yvision.kz/kk/post/sheteldik-skeri-inspektorlar-aza-stanny-batysynda-boldy-358680)