---
title: "Шетелдік көзқарас!"
description: "Ассалаумағалейкум жамағат! Назарларыңызға кішігірім жобаны ұсынамын. \"Мен және менің шетелдік достыр..."
author: "khanazim"
published: "2014-05-01T12:12:10+00:00"
modified: "2016-06-14T03:56:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sheteldik-k-z-aras-411958"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sheteldik-k-z-aras-411958/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шетелдік көзқарас!

> Ассалаумағалейкум жамағат! Назарларыңызға кішігірім жобаны ұсынамын. "Мен және менің шетелдік достыр...

Ассалаумағалейкум жамағат! Назарларыңызға кішігірім жобаны ұсынамын. "Мен және менің шетелдік достырым. **Қазақстан** жайлы". Әр шығарылымда бір мемлекет өкілінің Қазақстан жайлы пікірін біліп отырамыз. Сырттан айтылған пікір шынайы болуы мүмкін және шетелде жүрген отандастарымыздың әрекетіне тікелей байланысты да болуы мүмкін. Әрине **Қазақстан** деген сөзді естімеген жандар да бар. Бұл еліміздің халықаралық аренада әлсіз екенін білдірмейді. Бұл кейбір адамдардың outlook көз-қарасы кедей деген сөз. Мысалы, Африка континентін бір мемлекет деп ойлап жүргендер де бар. Сондай-ақ, Африка мемлекеттерінің барлығы дамудан тыс қалған немесе Африка континенті азаматтарының барлығы қара нәсілді деген қате пікір сияқты.

![Шетелдік көзқарас!](https://storage.yvision.kz/images/user/yalmanov/lynnpZ0M4gjli3BKxfRV6Wm5sWokJL.jpg)

Кіріспе болған соң ұзақ жазбауды ұйғардым. Оқырманға қызық әрі пайдалы болады деген үміттемін. Бастамасы 4-ші мамырда болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sheteldik-k-z-aras-411958](https://yvision.kz/kk/post/sheteldik-k-z-aras-411958)