---
title: "Шет елде дұрыс көліктің бағасы біздегі қатты соғылған..."
description: "a 21 наурыз күні құдам Грузияға кеткен. Бес күн демалысты пайдаланып көлік әкелмекші. Ұшақпен барып, базарды аралап жүріп 7 млн теңгеге сүліктей қара мына Камри-70 көлігін алыпты. 2019 жылғы, жағдайы зың дейді. Ұрылған, соғылғандарын 5-6 млн теңгеге..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-25T12:48:13+00:00"
modified: "2024-03-25T12:50:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shet-elde-d-rys-k-likti-ba-asy-bizdegi-atty-so-yl-an-k-likti-nymen-birdey-1002615"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shet-elde-d-rys-k-likti-ba-asy-bizdegi-atty-so-yl-an-k-likti-nymen-birdey-1002615/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шет елде дұрыс көліктің бағасы біздегі қатты соғылған...

> a 21 наурыз күні құдам Грузияға кеткен. Бес күн демалысты пайдаланып көлік әкелмекші. Ұшақпен барып, базарды аралап жүріп 7 млн теңгеге сүліктей қара мына Камри-70 көлігін алыпты. 2019 жылғы, жағдайы зың дейді. Ұрылған, соғылғандарын 5-6 млн теңгеге...

![Шет елде дұрыс көліктің бағасы біздегі қатты соғылған...](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/3bf6546c72dc78f20e74a746167407.jpg)

21 наурыз күні құдам Грузияға кеткен. Бес күн демалысты пайдаланып көлік әкелмекші. Ұшақпен барып, базарды аралап жүріп 7 млн теңгеге сүліктей қара мына Камри-70 көлігін алыпты. 2019 жылғы, жағдайы зың дейді. Ұрылған, соғылғандарын 5-6 млн теңгеге де алуға болады екен. Ал, бізде бұл көліктер кемі 12-13 млн теңге тұрады.

Қазақстанда 7 млн теңгеге камри іздесең табуға болады. Бірақ “но”-сы бар. Мәселен, екінші суреттегі мордасы жапырылып қалған камри-55 7 млн теңгеге сатылады екен. Жасауға тағы 2-3 млн кетеді. Міне утильалым мен первичканың кесірі. Елдің балалары АҚШ-тан арзан көлік мініп, артылғанын қазақтарға сатуда. Ал, біз мұрны бет болған көліктерді жамап-жасқап мініп жүрміз. Қалтаны ғана ойлаған үкімет қауіпсіздікке бас қатырып отырған жоқ.

Диас Нұрақынның жазбасы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shet-elde-d-rys-k-likti-ba-asy-bizdegi-atty-so-yl-an-k-likti-nymen-birdey-1002615](https://yvision.kz/kk/post/shet-elde-d-rys-k-likti-ba-asy-bizdegi-atty-so-yl-an-k-likti-nymen-birdey-1002615)