---
title: "Шенеуніктерге жоғары талап қойылады"
description: "08.11.12.Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шақыр­туымен елімізге келген Бүкіл­әлемдік Б..."
author: "AIKYN"
published: "2012-11-08T03:01:42+00:00"
modified: "2012-11-08T03:01:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sheneunikterge-zho-ary-talap-oyylady-301192"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sheneunikterge-zho-ary-talap-oyylady-301192/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шенеуніктерге жоғары талап қойылады

> 08.11.12.Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шақыр­туымен елімізге келген Бүкіл­әлемдік Б...

**08.11.12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шақыр­туымен елімізге келген Бүкіл­әлемдік Банктің өкілі, мем­лекеттік сектор және басқару бағыты бойынша Бас маман Амит Мукерджи Мемлекеттік қызмет саласына енгізілген Заңға түсініктеме берді.**

****

Мемлекеттік қызмет сала­сына енгізілген Заңға қатысты өз пікірімен бөліскен Бүкіл­әлемдік Банк өкілі Қазақстан­дағы мемлекеттік басқару, әкімшілік реформалар жөнінде өз ойымен бөлісіп, оның ал­ғаш­қы даму кезеңдеріне тоқталды:
- Мен қазіргі уақытта Қа­зақстандағы мемлекеттік қыз­мет реформасымен тікелей ай­налыспаймын, алайда оның даму баспалдақтарын өз кө­зіммен көріп, үлес қостым. Мем­лекеттік басқару мен мем­лекеттік қыз­метте 1996-1997 жылдары жүр­гізілген рефор­малар бұл сала­ның іргетасы қалануына, оның кейін­гі дамуына үлкен серпін бер­ді. Бірінші тенденция бойын­ша, аймақтық басқару мен жергі­-лікті басқарудың негізі қалан­-ған. Бұл - елдің астанасын ауыс­тыру жүргізіліп жатқан кезең бола­тын. Екінші тенденция бойын­ша, мемлекеттік органдар, министрліктер, комитеттер жүйесіне елеулі өзгерістер ен­гізілді. Мемлекеттік қызмет агенттігі осы жылдардан бастап басқару жүйелері мен тетік­терінің дамуына, жаңа кезеңге өтуіне тікелей әсер етті. Қазақ­стан мемлекеттік қызметті кәсібилендіруді қолға алған алғашқы мемлекеттер қата­рынан табылды. Сол кезеңдер­де мемлекеттік қызметке кон­курстық негізде қызметке алу­дың алғышарттары жасалды, мемлекеттік қызметкерлер­дің еңбегін бағалау, олар атқарған қызметтің нәтижесіне байла­нысты қызметтік сатыда өсуі, Ар-намыс кодексінде көзделген қағидалар бойынша қызметкер­лердің қызметтік этикасын қалыптастыру жолға қойыла бастады. Бұл саладағы инно­вация қызметкерлердің еңбек­ақысы жүйесіне де қатысты болды, олардың ішкі дициплина, ішкі мәдениет, кәсіби қыз­меттерінің құқықтық негіздері жетілдірілді. Адам ресурсын модернизациялау барысында агенттік маңызды рөл атқарды. Бүгінгі Қазақстандағы мем­лекеттік қызметтің жоғарғы дәрежеге жетуі, әлемдік стан­дарттарға сәйкес келуі соноу 90-жылдары басталған ре­фор­малардың оң нәтижесі болып табылады, - деді ол. Сонымен қатар Амит Му­керджи Мемлекеттік қыз­меткерлердің таңдаулы «А кор­пусының» құрылуы мен қалып­тасуына қатысты ойымен бөлісе келе, бұл фактордың әлемнің өзге де дамыған мемлекеттерін­де бар екендігін, жоғары жалақы төленетін және бағаланатын мұндай таңдаулы қызметкерлер корпусына қабылдану кон­курстық негізде, жоғары та­лаптар бойынша іске асатын­дығын айтты. **Ерлан ТӨСБАЙҰЛЫ **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sheneunikterge-zho-ary-talap-oyylady-301192](https://yvision.kz/kk/post/sheneunikterge-zho-ary-talap-oyylady-301192)