---
title: "«Shell» халықаралық британ-нидерланд концерні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниетті"
description: "Shell компаниясы мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоя..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-10-27T22:54:57+00:00"
modified: "2015-10-27T22:54:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shell-haly-araly-britan-niderland-koncerni-ekspo-2017-haly-araly-k-rmesini-bas-demeushisi-bolu-a-nie-616330"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shell-haly-araly-britan-niderland-koncerni-ekspo-2017-haly-araly-k-rmesini-bas-demeushisi-bolu-a-nie-616330/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Shell» халықаралық британ-нидерланд концерні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниетті

> Shell компаниясы мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоя...

Shell компаниясы мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоятын болады деп хабарлайды[ЭКСПО — 2017](https://expo2017/) сайты.

«Shell» халықаралық британ-нидерланд концерні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниет танытып отыр. Бұл туралы «Shell» концернінің Қазақстандағы төрағасы – «Shell VP and Country Chairman in Kazakhstan» вице-президенті Дунган ван Берген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу барысында айтты.

«Осы уақыт аралығында 48 мемлекеттің қатысатындығын растағандығы өте жақсы нәтиже. Біз сіздердің жетістікке жететіндіктеріңізге сенеміз», — деді Дунган ван Берген.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов жоба жайлы, көрме кешенінің құрылысы жөнінде және халықаралық көрменің мән-мақсаты туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда 48 мемлекет пен 10 халықаралық ұйымның ЭКСПО-2017 қатысатындығын, әрі көрменің әлемдік деңгейде ерекше қызығушылық тудырып отырғандығын жеткізді.

«Әлемдік танымал әрі компаниялардың бірі Cisco System-пен келісімге отырдық. Көрме ең алдымен жаһандық алаң. Бұл ретте, Shell компаниясының ЭКСПО-2017-нің бас демеушісі болуға ниет білдіргендігі өте маңызды» — деп атап өтті Ахметжан Есімов.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10569

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shell-haly-araly-britan-niderland-koncerni-ekspo-2017-haly-araly-k-rmesini-bas-demeushisi-bolu-a-nie-616330](https://yvision.kz/kk/post/shell-haly-araly-britan-niderland-koncerni-ekspo-2017-haly-araly-k-rmesini-bas-demeushisi-bolu-a-nie-616330)