---
title: "Шекарашыларға «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасы таныстырылды"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы ..."
author: "Nurbol_Konzhar"
published: "2019-02-07T12:19:33+00:00"
modified: "2019-02-07T12:19:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shekarashylar-a-ma-ystau-adaldy-ala-y-zhobasy-tanystyryldy-825735"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shekarashylar-a-ma-ystau-adaldy-ala-y-zhobasy-tanystyryldy-825735/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шекарашыларға «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасы таныстырылды

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы ...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің «Жағалау-Күзеті» өңірлік басқармасының және оған қарасты әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шара болып өтті.

![Шекарашыларға «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасы таныстырылды](https://storage.yvision.kz/images/user/415080/736cbae6a5ab7edd6f9dd70b3cace2.jpg)

Шара барысында аумақтық департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Нариман Айтжанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жауапкершіліктері және ауыр зардаптары туралы айтып түсіндірді.

![Шекарашыларға «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасы таныстырылды](https://storage.yvision.kz/images/user/415080/1f5ee5326062ecd125efe2f8628fbb.jpg)

Сонымен бірге, Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен сыбайлас жемқорлықты төмендету мақсатында қолға алынып жатқан «Маңғыстау -адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ», «Адал жол», «Бизнес пен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобалары мен олардың мақсаттары таныстырылды.

![Шекарашыларға «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасы таныстырылды](https://storage.yvision.kz/images/user/415080/f73052497559043b9543124c5c0589.jpg)

Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар беріліп, оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shekarashylar-a-ma-ystau-adaldy-ala-y-zhobasy-tanystyryldy-825735](https://yvision.kz/kk/post/shekarashylar-a-ma-ystau-adaldy-ala-y-zhobasy-tanystyryldy-825735)