---
title: "Шекара қызметінде семинар-кеңес өткізілді."
description: "Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция д..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-09-29T01:21:11+00:00"
modified: "2015-09-29T01:21:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shekara-yzmetinde-seminar-ke-es-tkizildi-555992"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shekara-yzmetinde-seminar-ke-es-tkizildi-555992/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шекара қызметінде семинар-кеңес өткізілді.

> Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция д...

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция департментінің 11 бөлімі, шекара қызметі әскери бөлімдерінің жеке құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар**-**кеңес өтті.

Семинар кеңеске Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс**-**қимыл Агентігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция департментінің 11 бөлімі бастығы барлығы 45 адам қатысты.

Семинар-кеңес барысында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы, қылмыстық Кодексіндегі өзгерістер туралы баяндама оқылды.

Сонымен бірге, жеке құрамға жемқорлық профилактикасы бағытында және call-center 1494 жұмысы туралы видеороликтер көрсетіліп, сауалнама толтырылды.

![Шекара қызметінде семинар-кеңес өткізілді.](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/sFCQckK28NbrQC9Gy5X5w4jNqC0Y5l.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shekara-yzmetinde-seminar-ke-es-tkizildi-555992](https://yvision.kz/kk/post/shekara-yzmetinde-seminar-ke-es-tkizildi-555992)