---
title: "«Шебердің қолы ортақ»"
description: "Қазақтың кілем тоқу өнерін қайта жаңғыртып жүрген жандар бүгін «Қазақстан» ұлттық арнасынан жүретін ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-29T14:00:21+00:00"
modified: "2015-06-29T14:01:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sheberdi-oly-orta-517573"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sheberdi-oly-orta-517573/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Шебердің қолы ортақ»

> Қазақтың кілем тоқу өнерін қайта жаңғыртып жүрген жандар бүгін «Қазақстан» ұлттық арнасынан жүретін ...

**Қазақтың кілем тоқу өнерін қайта жаңғыртып жүрген жандар бүгін «Қазақстан» ұлттық арнасынан жүретін «Айтуға оңай» бағдарламасында қонақта болды.**

**

![«Шебердің қолы ортақ»](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/LWnNAuYc87kkv5sj3QXjeQkVTbK3z6.png)

**

Заман жаңарған сайын өткен күндердің еншісінде қалып жатқан дәстүр мен ұлттық өнеріміз аз емес. Соның бірі – кілем тоқу, киіз басу. Кілем тоқу – қай халықта да ерекше орын алған кәсіп.

Қазақ тұрмысында өрмек тоқумен айналысатын қыз-келіншектер, әйелдер арасынан кілем тоқуды кәсіп еткен шеберлер шыққан. Кілем тоқуда қойдың, түйенің жүндері, ешкінің қылы, өріс және арқау үшін мақта жіпті пайдаланады.

Кілем қазақ халқы тұрмысында айрықша маңызға ие. Дәстүр бойынша өз алдына отау тіккен жас отбасыларға да ең бірінші киіз басып, текемет тоқып берілуі тегін емес.

Алайда, осы күнгі қала тұрмақ, ауыл баласының өзіне бұл өнер өте таңсық. Бастарына күндік ораған апаларымыздың әнін айтып жүріп киіз басатыны, кілем тоқитыны ескі кинокадр ғана сияқты.

Ескіден келе жатқан осы бір ұлттық өнерді естен шығармай, қазіргі заманға сай қайта жаңғыртып отырған шеберлер туралы бағдарламаны «Айтуға оңай» жобасының [мұрағатынан](http://kaztv.kaztrk.kz/kz/programs/aitugaonai/archiv) тамашалай аласыздар.

«Қазақстан» арнасы ұсынатын «Айтуға оңай...» ток-шоуы тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерді, өзекті оқиғаларды талқыға салады. Сонымен қатар, мереке күндеріне де арнайы үсірілімдер әзірлейді.

Бағдарламаға қарапайым азаматтар, белгілі қоғам қайраткерлері, танымал өнер адамдары, саясаткерлер және басқа да жандар қонақ ретінде қатысады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sheberdi-oly-orta-517573](https://yvision.kz/kk/post/sheberdi-oly-orta-517573)