---
title: "Щучинскідегі ойын алаңында кәмелетке толмаған бала ауыр жарақат алды"
description: "Оқиға 17 тамызында Щучинск қаласындағы футбол алаңдарының бірінде болған. Сағат 17:00 шамасында жерг..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-08-19T12:13:08+00:00"
modified: "2022-08-19T12:13:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shchuchinskidegi-oyyn-ala-ynda-k-meletke-tolma-an-bala-auyr-zhara-at-aldy-973351"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shchuchinskidegi-oyyn-ala-ynda-k-meletke-tolma-an-bala-auyr-zhara-at-aldy-973351/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Щучинскідегі ойын алаңында кәмелетке толмаған бала ауыр жарақат алды

> Оқиға 17 тамызында Щучинск қаласындағы футбол алаңдарының бірінде болған. Сағат 17:00 шамасында жерг...

Оқиға 17 тамызында Щучинск қаласындағы футбол алаңдарының бірінде болған. Сағат 17:00 шамасында жергілікті полиция бөліміне 9 жастағы бала қоршаудан шығып тұрған темірге басын жаралап алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Дерекке қатысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 278-бабы 1-бөлігі («Сапасыз құрылыс») бойынша соталды тергеуді бастады. Тергеу аясында балалар алаңының құрылысшысы анықталды, сондай-ақ нысан «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ балансында тұрғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамасы тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламда.

Темір баланың басына кіріп кеткен. Оны облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері аман алып қалған. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, темірді алғанда баланың көзі мен миы, ірі тамырлары зақымданбаған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shchuchinskidegi-oyyn-ala-ynda-k-meletke-tolma-an-bala-auyr-zhara-at-aldy-973351](https://yvision.kz/kk/post/shchuchinskidegi-oyyn-ala-ynda-k-meletke-tolma-an-bala-auyr-zhara-at-aldy-973351)