---
title: "Шай туралы не білесіз?"
description: "Шайдың пайдасы мен зияны туралы бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» хабарының қонақтары айтып береді. А..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-03T05:16:21+00:00"
modified: "2015-09-03T05:16:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shay-turaly-ne-bilesiz-535970"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shay-turaly-ne-bilesiz-535970/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шай туралы не білесіз?

> Шайдың пайдасы мен зияны туралы бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» хабарының қонақтары айтып береді. А...

Шайдың пайдасы мен зияны туралы бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» хабарының қонақтары айтып береді.

![Шай туралы не білесіз?](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/VBFwfMAQ1B2Xm9ciJVbCBN42cF6qol.png)

Адам баласы сүйсініп ішетін сусынның бірі – кәдімгі шай. Күніне бір мезгіл шай ішпесек, өзімізді жайсыз сезінетініміз бар. Америкалық Алиса Чейз атты ғалым шай мен кофені «ауруға душар ететін және адам ағзасының қалыпты жүйесін бұзатын» улы сусындар тобына жатқызыпты.

Алайда, көптеген ғалымдар бұл пікірге түбегейлі қарсы. Яғни, қаншама ұлттардың ас мәзірінде маңызды орын алатын осы бір сусын жөнінде қым-қиғаш пікір көп. Ал, «Шай ішсең, көңілің жай» дейтін біздің халық шайдың пайдасы мен зиянын қаншалықты ажыратады?

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайда» өмірінде бір рет те шай ішіп көрмеген жан мен шайсыз өзін жайсыз сезінетін жандар қонақта.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shay-turaly-ne-bilesiz-535970](https://yvision.kz/kk/post/shay-turaly-ne-bilesiz-535970)