---
title: "Шаруалардың шағын несиеге қолы жетті"
description: "Қарағанды облысындағы Ағадыр кенті бойынша 7 адам шағын несие алуға өтініш білдірсе, соның 3-і, 3..."
author: "kaztrk_kz"
published: "2012-03-12T09:37:11+00:00"
modified: "2012-03-12T09:37:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sharualardy-sha-yn-nesiege-oly-zhetti-239420"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sharualardy-sha-yn-nesiege-oly-zhetti-239420/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шаруалардың шағын несиеге қолы жетті

> Қарағанды облысындағы Ағадыр кенті бойынша 7 адам шағын несие алуға өтініш білдірсе, соның 3-і, 3...

Қарағанды облысындағы Ағадыр кенті бойынша 7 адам шағын несие алуға өтініш білдірсе, соның 3-і, 3 млн. теңгеден алды. Ауыл адамын жұмыспен қамтуға арналған бағдарламаның аяқалысы оң тәтиже бере бастады. «Алайда, шаруалардың кепілге қоятын мүлкі арзанға бағаланғандықтан, бірқатар жұмыссыз адамдар жеңілдетілген несиеден қағылып отыр»,­ - дейді жергілікті әкімдер.

Манаг Сайранды 3 млн. теңге несие алу үшін баспанасымен, шағын дүкенін кепілдікке қойыпты. Алғашқы бір жарым жылда ол несиенің үстеме 5 пайызын ғана, яғни, ай сайын 20 мың тенге ғана төлейді. Одан кейін үш жарым жыл бойы айына 100 мың тенгеден төлеуге міндетті.

** **

**Манаг Сайранды, шаруа: **

*Жылқы малын алсақ деген ойымыз бар. Аздап қой, сиыр малдарымыз бар ғой. Кішкене үстінен қосып жылқы алып, одан әрі өсіріп, қымызын сатсақ, біраз жұмыскер алсақ, шаруашылықты одан әрі үлкейтсек, ойымыз сол. *

Тоғыз жолдың торабы Ағадырда, тұрғындардың басым бөлігі теміржол бойында еңбек етеді. Алайда, «баққанға мал бітеді» деп, қарына құрық іліп қылқұйрық ұстаймын дейтіндер аз емес. Тек банктер ауыл адамының кепілдікке қоюға ұсынған мүлкін арзанға бағалайды.

** **

**Айбол Бидайбеков, Ағадыр кентінің әкімі: **

*Ауылдық жерлерде кепілдікке қоятын үй немесе, басқа жылжымайтын мүліктердің жағдайы өте қиын. Соған байланысты несие аламын деген адамдардың өзі ала алмай отыр. **Осы өте күрделі жағдай болып тұр. Сондықтан**,** үкімет жағынан осы мәселені шешіп берсе**,** жақсы болар еді. *

Бүгінде, банктен несие алатын адамдар қарекет етіп, берекет табамын деп тәуекелге барады. Алмақтың салмағы барын жақсы түсінеді шаруалар. Бірақ жұмыссыздардың бизнес жоспарына банктер, күдікпен қарайтын ежелгі әдетінен арылмай келеді. Кәсіп ашамын деген ауылдықтар болса, 3 млн. теңгенің үстеме пайызын өтеу қалтаға аса салмақ түсірмейтінін айтады.

** **

**Манаг Сайранды****,**** шаруа:**

*Өтеуі бір жарым жылға қиын болмайды деп ойлаймын. Іс алға жүріп тұрса**,** ешқандай қиындығы жоқ. *

** **

Қалай дегенмен, ауылға деген мемлекеттік қолдаудың тиімділігі дәлелденді. Оған банктердің де шаруаның да көзі жетті. Енді шаруа мен үкімет арасындағы байланыс тетігін жетілдіру ғана жетіңкіремей тұр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sharualardy-sha-yn-nesiege-oly-zhetti-239420](https://yvision.kz/kk/post/sharualardy-sha-yn-nesiege-oly-zhetti-239420)