---
title: "Шарапова журналист болмақ"
description: "Белгілі теннисші Мария Шарапова Сочидегі Олимпиада ойындары — 2014 кезінде телетүсініктемеші болып..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-11-17T23:27:40+00:00"
modified: "2013-11-17T23:27:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sharapova-zhurnalist-bolma-385378"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sharapova-zhurnalist-bolma-385378/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шарапова журналист болмақ

> Белгілі теннисші Мария Шарапова Сочидегі Олимпиада ойындары — 2014 кезінде телетүсініктемеші болып...

[!\[Белгілі теннисші Мария Шарапова\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131118091846-300x300.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131118091846.jpg)

Белгілі теннисші Мария Шарапова Сочидегі Олимпиада ойындары — 2014 кезінде телетүсініктемеші болып, американдық NBC телеарнасы үшін репортаждар дайындамақ, деп хабарлады Утро.ру

.»Мария бүгінде әлемдегі танымал жұлдыздардың біріне айналды. Ол алты жасына дейін Сочиде өсіп-өнген, онда туыстары мен достары тұрады, сондықтан да одан көрермендер оқиғаға бірегей көзқарасын күтеді», — деп «ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі NBC атқарушы продюсері Джим Беллдің сөзін келтірген.

Мария Шарапова Forbes нұсқасы бойынша ең бай спортшылар рейтингісіне кіреді. 2012-2013 жылдардағы маусымда Шарапованың кірісі 29 миллион долларға жеткен. Ол кортта небәрі 6 млн. доллар тапқан, қалған 23 млн. доллар жарнамалық келісім-шарттардан түскен.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sharapova-zhurnalist-bolma-385378](https://yvision.kz/kk/post/sharapova-zhurnalist-bolma-385378)