---
title: "Үшаралдық оқушылар әскери бөлімде болды"
description: "Алматы облысы Үшарал қаласының мектеп оқушылары осындағы механикаландырылған бригадада болып қайтты...."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-04-19T00:35:03+00:00"
modified: "2013-04-19T00:35:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sharaldy-o-ushylar-skeri-b-limde-boldy-348513"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sharaldy-o-ushylar-skeri-b-limde-boldy-348513/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үшаралдық оқушылар әскери бөлімде болды

> Алматы облысы Үшарал қаласының мектеп оқушылары осындағы механикаландырылған бригадада болып қайтты....

**

![Үшаралдық оқушылар әскери бөлімде болды](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/19.0413/2.jpg)

Алматы облысы Үшарал қаласының мектеп оқушылары осындағы механикаландырылған бригадада болып қайтты.**

«Ерлік сабақтары» шеңберінде әскери қызметшілер мектеп оқушыларына әскери бөлім аумағында экскурсия ұйымдастырды. Болашақ Отан қорғаушылар қару-жарақ пен әскери техника үлгілерімен танысты, сондай-ақ сарбаздардың жатын орнын, асхана мен медициналық пунктті және жауынгерлік даңқ музейін аралады. Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері қонақтарға алаңда сап дайындығының әдіс-тәсілдерін және жекпе-жек ұрысының элементтерін көрсетті.

Мектеп оқушылары үшін кең көлемді мәдени бағдарлама әзірленді. Әскери бөлім фольклорлық ансамблінің акт залы сахнасында орындаған әндері мен күйлері көпшіліктің көңілінен шықты.

– Мұндай таныстыру шараларын өткізу өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыруға, адмгершілікке тәрбиелеуге зор ықпалын тигізеді,-деп атап өтті Үшарал гарнизонының командирі подполковник Бауыржан Ибатулин.

Мұғалімдер мен оқушылар әскери қызметшілерге қонақжайлықтары мен жылы қабылдаулары үшін алғыстарын айтып, тілектерін білдірді.

 

**ҚР ҚМ Бапспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sharaldy-o-ushylar-skeri-b-limde-boldy-348513](https://yvision.kz/kk/post/sharaldy-o-ushylar-skeri-b-limde-boldy-348513)