---
title: "Шанашы Елизавета Аксенова екі жарысты да 29-шы орынмен аяқтады"
description: "Шана спортынан Елизавета Аксенова бір орындық шанамен екі жарысты да 29-шы орынмен аяқтады, деп хаб..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-11T04:18:09+00:00"
modified: "2014-02-11T04:18:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shanashy-elizaveta-aksenova-eki-zharysty-da-29-shy-orynmen-aya-tady-400117"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shanashy-elizaveta-aksenova-eki-zharysty-da-29-shy-orynmen-aya-tady-400117/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шанашы Елизавета Аксенова екі жарысты да 29-шы орынмен аяқтады

> Шана спортынан Елизавета Аксенова бір орындық шанамен екі жарысты да 29-шы орынмен аяқтады, деп хаб...

[!\[Елизавета Аксенова\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140211020152-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140211020152.jpg)

Шана спортынан Елизавета Аксенова бір орындық шанамен екі жарысты да 29-шы орынмен аяқтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Сочидағы ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойындардан.

Краснояр қаласының тумасы, 18 жастағы Елизавета Аксенова — шана спортынан Олимпиададағы Қазақстанның бірден-бір өкілі.

Алғашқы жарыста ол 51,836 секунд уақытымен нәтиже көрсетіп, 29-орынға ие болды. Екінші жарыста да ол алдыңғы нәтижесін сақтап қалды (52,068 секунд, 29-орын). Ертең де ол екі жарысқа қатысады. Жарыстар 20.30-да «Санки» шана спорты орталығында өтеді.

Шана спорты — экстремальдық олимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Бұл жарыстар бірорындық шанамен жасанды мұз қатырылған арнайы трассада шапшаң құлдилау түрінде өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shanashy-elizaveta-aksenova-eki-zharysty-da-29-shy-orynmen-aya-tady-400117](https://yvision.kz/kk/post/shanashy-elizaveta-aksenova-eki-zharysty-da-29-shy-orynmen-aya-tady-400117)