---
title: "Шалғайдағы шарапат"
description: "Өткен жылдың желтоқсан айында «ХҚКО» РМК мен Жамбыл облысы әкімдігінің ортақ келісімен сәйкес ша..."
author: "Taraz_2"
published: "2015-12-09T07:01:45+00:00"
modified: "2015-12-09T07:01:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shal-ayda-y-sharapat-666614"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shal-ayda-y-sharapat-666614/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шалғайдағы шарапат

> Өткен жылдың желтоқсан айында «ХҚКО» РМК мен Жамбыл облысы әкімдігінің ортақ келісімен сәйкес ша...

*Өткен жылдың желтоқсан айында «ХҚКО» РМК мен Жамбыл облысы әкімдігінің ортақ келісімен сәйкес шалғайда орналасқан елдімекен тұрғындары үшін қос бірдей халыққа қызмет көрсету секторы ашылған болатын. Оның бірі Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылынан ашылып, жұмысын бастады. Мұнда қазіргі таңда 4 инспектор еңбек етуде.*

*Жаңа сектор аудан орталығынан 200 шақырымнан қашықтықта жатқан Шығанақ, Мыңарал, Бурылбайтал, Мирный, Ақсүйек, Қашқантеңіз ауылдарында тұратын ағайында тиімді қызмет көрсетуде. Сонымен қатар дәл осындай бөлімше Қордай ауданындағы Отар елдімекенінде іске кіріскен болатын. Ағымдағы жылдың 10 айында аталған бөлімшелер арқылы 8 963 қызмет көрсетілген.*

 
 

**«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша**

**филиалының баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shal-ayda-y-sharapat-666614](https://yvision.kz/kk/post/shal-ayda-y-sharapat-666614)