---
title: "«Шалқар» радиосы «Міржақып» трагедиясын ұсынады"
description: "Бүгін «Шалқар» ұлттық арнасының «Шабыт» радиотеатрынан, сағат 23:00-де Қостанай облыстық Ілияс Омар..."
author: "TRK_kaz"
published: "2014-10-01T23:57:00+00:00"
modified: "2014-10-01T23:58:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shal-ar-radiosy-mirzha-yp-tragediyasyn-synady-432087"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shal-ar-radiosy-mirzha-yp-tragediyasyn-synady-432087/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Шалқар» радиосы «Міржақып» трагедиясын ұсынады

> Бүгін «Шалқар» ұлттық арнасының «Шабыт» радиотеатрынан, сағат 23:00-де Қостанай облыстық Ілияс Омар...

*Бүгін «Шалқар» ұлттық арнасының «Шабыт» радиотеатрынан, сағат 23:00-де Қостанай облыстық Ілияс Омаров атындағы Қазақ драма театрының «Міржақып» трагедиясы әуе толқынына шығады.*

**

![«Шалқар» радиосы «Міржақып» трагедиясын ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/0k7FJfVU9HVqWoGG3uuqifbRYEd6UW.jpg)

Спектакль - сонау зобалаң жылдарда Алаш қайраткерлерінің тағдырын, ұлт трагедиясын көрсететін театр репертуарындағы салмақты қойылымдардың бірі. Бұл шығарма азаттық үшін айқасқан арыстарымыздың бірі – Міржақып Дулатұлының туғанына 120 жыл толуына орай сахналанған.

![«Шалқар» радиосы «Міржақып» трагедиясын ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/Z8GruEcolhwZZ135nxQVn0plVCl4dN.jpg)

Сценариін жазған - Шархан Қазығұл. Қоюшы режиссері – Қазақстанның Халық әртісі Ерсайын Төлеубай. Міржақып бейнесін актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бекайдар сомдайды. «Шабыт» радиотеатрынан қапы қалмаңыз!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shal-ar-radiosy-mirzha-yp-tragediyasyn-synady-432087](https://yvision.kz/kk/post/shal-ar-radiosy-mirzha-yp-tragediyasyn-synady-432087)