---
title: "«Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Рүстем Жүніс марапатталды"
description: "Марапат Қазақ географиялық қоғамы атынан табысталды. Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамбл..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-13T03:04:32+00:00"
modified: "2015-11-13T03:04:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shal-ar-ltty-radiosyny-zhurnalisi-r-stem-zh-nis-marapattaldy-638011"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shal-ar-ltty-radiosyny-zhurnalisi-r-stem-zh-nis-marapattaldy-638011/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Рүстем Жүніс марапатталды

> Марапат Қазақ географиялық қоғамы атынан табысталды. Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамбл...

Марапат Қазақ географиялық қоғамы атынан табысталды.

![«Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Рүстем Жүніс марапатталды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/F4Ui7S4N0UU9514d25a5hcwt8p8XM9.jpg)

Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты II Халықаралық медиафорумында [«Шалқар» ұлттық радиосының](http://shalkarfm.kz/kz) журналисі [Рүстем Жүніс](http://shalkarfm.kz/kz/radio/collective) марапатталды.

Форум мақсаты - қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту, отандық БАҚ-тың бәсекелестігін арттыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін насихаттау.

Марапат [Қазақ хандығының 550 жылдығына](http://kaztv.kaztrk.kz/kz/news/Qazaq_khandygy_550_zhyl) орайластырылған [«Ұлы дала елі» республикалық экспедициясына](http://kaztv.kaztrk.kz/kz/news/Qazaq_khandygy_550_zhyl/uly-dala-eli-ekspediciyasy-karagandyda)атсалысқаны үшін Қазақ географиялық қоғамы атынан табысталды.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shal-ar-ltty-radiosyny-zhurnalisi-r-stem-zh-nis-marapattaldy-638011](https://yvision.kz/kk/post/shal-ar-ltty-radiosyny-zhurnalisi-r-stem-zh-nis-marapattaldy-638011)