---
title: "Шал ақын ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері үшін семинар"
description: "2017 жылғы 2 маусымда Департамент басшысы орынбасарының уақытша м.а. Д.Қ. Тайшабай Шал ақын ауданы..."
author: "finpolsko"
published: "2017-06-05T22:55:53+00:00"
modified: "2017-06-05T22:55:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shal-a-yn-audanyny-zhergilikti-at-arushy-organdaryny-yzmetkerleri-shin-seminar-769095"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shal-a-yn-audanyny-zhergilikti-at-arushy-organdaryny-yzmetkerleri-shin-seminar-769095/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шал ақын ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері үшін семинар

> 2017 жылғы 2 маусымда Департамент басшысы орынбасарының уақытша м.а. Д.Қ. Тайшабай Шал ақын ауданы...

![Шал ақын ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері үшін семинар](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/HX37l4ATNi0oF8UV91AYi7u4v8LAlg.jpg)

2017 жылғы 2 маусымда Департамент басшысы орынбасарының уақытша м.а. Д.Қ. Тайшабай Шал ақын ауданының әкімдігінде селолық округ әкімдерінің аппараттарымен видео-конференц-байланысты пайдаланып жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды, кір келтіретін теріс қылықтарды, қызметтік әдеп нормаларын бұзуын алдын алу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.

Әдеп кодексінің негізгі қағидалары, мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлқының стандарттары, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулер мен міндеттер, соныменқатар әлеуметтік медиадағы аккаунттарды пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдары түсіндірілді.

Сондай-ақ мысалдар келтіріліп жыл ішінде анықталған әкімшілік жауапкершілік қарастырылған құқықбұзушылықтар жөнінде ақпарат жеткізілді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуына және қызметтік әдептің мүлтіксіз сақталуына назар аудартылды.

Семинар соңында сұрақтар тыңдалды және оған сәйкес түсініктемелер берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shal-a-yn-audanyny-zhergilikti-at-arushy-organdaryny-yzmetkerleri-shin-seminar-769095](https://yvision.kz/kk/post/shal-a-yn-audanyny-zhergilikti-at-arushy-organdaryny-yzmetkerleri-shin-seminar-769095)