---
title: "Шал ақын ауданында жемқорлыққа қарсы күрес кеңінен насихатталады"
description: "Ағымдағы жылғы 23 қыркүйекте Сергеевка қ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Шал ақын ауданындағы ..."
author: "finpolsko"
published: "2015-09-30T00:42:10+00:00"
modified: "2015-09-30T00:42:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shal-a-yn-audanynda-zhem-orly-a-arsy-k-res-ke-inen-nasihattalady-556245"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shal-a-yn-audanynda-zhem-orly-a-arsy-k-res-ke-inen-nasihattalady-556245/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шал ақын ауданында жемқорлыққа қарсы күрес кеңінен насихатталады

> Ағымдағы жылғы 23 қыркүйекте Сергеевка қ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Шал ақын ауданындағы ...

![Шал ақын ауданында жемқорлыққа қарсы күрес кеңінен насихатталады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/0wETzV10RYW3Da8xF3pIij0lSR00OU.jpg)

Ағымдағы жылғы 23 қыркүйекте Сергеевка қ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Шал ақын ауданындағы «Нұр Отан» партиясының активі, кәсіпкерлік және дін өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде мемлекеттік қызмет және сот жүйесі, бизнес ортадағы жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігі, қоғамдағы адамгершілік құндылықтарын дамытуда, заң бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптстыруда қоғамдық ұйымдар мен дәстүрлі діндердің алатын орны талқыланды. Аталған мәселелерді пысықтау үшін СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің маманы З.С. Байғаскина, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.П. Кузичева, СҚО Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының төрағасы М.Ж. Жақсыбаев, «Сейдахмет әзірет» аудандық мешітінің имамы Ш.Ж. Жолдыбаев өз баяндамаларын оқыды. Жиын барысында партия өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша «Нұр Отан» партиясының бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүргізілетін алдын алу жұмыстары, қоғамдағы жемқорлық құқық бұзушылықтарына «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру үшін тұрақты түрде өткізілетін әлеуметтік сауалнамалар нәтижелері туралы ақпар берді. Аудандық мешіт имамы тұлғаның діни дамуына, дәстүрлі тәрбие берудің ерекшеліктеріне назар аударып, адамның жемқорлық әрекеттерін айыптаушы, құранның аяттарынан бірқатар мысалдар келтірді. Аталған шараға ат салысқан М.Ж. Жақсыбаев бизнес ортадағы жемқорлық тәуекелдері мен бұзушылықтарды жоққа шығару үшін облыстық кәсіпкерлер палатасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп атқаратын жұмыстары туралы жиылғандарды хабардар етті. Кездесуді түйіндеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, арнайы құрылған «СҚО кәсіпкерлігін қорғау» веб-сайты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңы арқылы Департамент басшылығы халықпен байланыс орнатуға әрдайым әзір екендігін жеткізді.

![Шал ақын ауданында жемқорлыққа қарсы күрес кеңінен насихатталады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Uh9FmQNlj8N5wZYsW1a9y2Pw94OjLN.jpg)

*** Дөңгелек үстелдің кеңейтілген отырысы Шал ақын ауданы жалпы білім беру мектептерінің директорлары және олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен де өтті.

Аудандық оқу орындарының басшыларына еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысы таныстырылып, мектеп қабырғасындағы «нөлдік төзімділік» принципін қалыптастырудың түрлі әдіс-тәсілдері талқыланды. Тәжірибе алмасу кезінде ауылдық мектеп директорларына да сөз берілді. Олар өз кезектерінде, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың шығармашылығы жоғары деңгейде насихатталатындығын іс жүзінде көрсетіп, Е. Бөкетов атындағы гимназияның жоғары сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта пікірталас өткізді. Дөңгелек үстелге қатысушылар тәрбие жұмыстарына жемқорлыққа қарсы тақырыптағы іс-шаралар енгізілгендігін, сонымен қатар мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті әзірлеген әдістемелік және бейне материалдарды сабақ барысында кеңінен пайдаланатындықтарын жеткізді. Нәтижесінде, үстіміздегі жылдың 4 тоқсанында Шал ақын ауданының жоғары сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта пікірталас турнирін өткізу ұсынылды.

![Шал ақын ауданында жемқорлыққа қарсы күрес кеңінен насихатталады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/sSnWDhC3eYBY1lOHpbhNiiRlqD18cQ.jpg)

![Шал ақын ауданында жемқорлыққа қарсы күрес кеңінен насихатталады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/SQMyujKu4txiZ4O8Z4D1zJ2TS3PQ5N.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shal-a-yn-audanynda-zhem-orly-a-arsy-k-res-ke-inen-nasihattalady-556245](https://yvision.kz/kk/post/shal-a-yn-audanynda-zhem-orly-a-arsy-k-res-ke-inen-nasihattalady-556245)