---
title: "Шахтерге» түскені «Селтик» болды..."
description: "Жаңа ғана УЕФА-ның штаб-пәтері Ньонда Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Аталған Еурододаның ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-08-12T02:46:21+00:00"
modified: "2013-08-12T02:46:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shahterge-t-skeni-seltik-boldy-368291"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shahterge-t-skeni-seltik-boldy-368291/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шахтерге» түскені «Селтик» болды...

> Жаңа ғана УЕФА-ның штаб-пәтері Ньонда Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Аталған Еурододаның ...

# [!\[Чемпиондар лигасының кубоғы\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/photo_29218-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/photo_29218.jpg) Жаңа ғана УЕФА-ның штаб-пәтері Ньонда Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Аталған Еурододаның соңғы елегінде «Шахтер» Шотландияның «Селтигімен» кездесетін болды.

Жаңа ғана УЕФА-ның штаб-пәтері Ньонда Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Аталған Еурододаның соңғы елегінде «Шахтер» Шотландияның«Селтигімен» кездесетін болды. Сонымен Чемпиондар лигасының соңғы сүзгісінде кездесіп, топтық доданың10 жолдамасын сарапқа салатын командалар жұбы: «Фенербахче» (Түркия) – «Арсенал» (Англия) ПСВ (Голландия) – «Милан» (Италия) «Шальке» (Германия) – «Металлист» (Украина) «Лион» (Франция) – «Реал Сосьедад» (Испания) «Динамо» (Загреб, Хорватия) – «Аустрия» (Австрия) «Лудогорец» (Болгария) – «Базель» (Швейцария) «Витория (Пльзень, Чехия) – «Марибор» (Словения) «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) – «Селтик» (Шотландия) «Стяуа» (Румыния) – «Легия» (Польша) «Зенит» (Санк-Петербург, Ресей) – «Пасуш де Феррейра» (Португалия) Алғашқы ойындар 20-21 тамыз күндері әр жұпта бірінші жазылған клубтыңалаңында өтеді. Ал қарымта кездесулер – бір аптадан кейін, яғни 27-28 тамыз күндері екінші команданың стадионында. Айқын ЖАППАР

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shahterge-t-skeni-seltik-boldy-368291](https://yvision.kz/kk/post/shahterge-t-skeni-seltik-boldy-368291)